«Қазына» этносаябағы — киелі кесенелер мекені

IMG_4309

Қай шаһар болмасын тарихымен мәнді, сәулетімен сәнді. Шырайлы Шымқаланың өткені бүгінгі сәулетімен сабақтасып жатыр. Сөзімізге қаламыздағы «Қазына» этносаябағы дәлел бола алады. Шымшаһардың сәулетшілері алдымен Дендробақ пен зообақтың жанынан саябақ жасамақшы болған екен. Алайда, облыстың бұрынғы басшысы Асқар Мырзахметов «Бұл жер кәдімгі жай серуендейтін емес, этнографиялық саябақ болса» деген ұсыныс жасапты. Содан сәулетшілер жұмылып, тарихи этнографиялық саябақтың жобасын жасаған. Нәтижесінде, бұл жер қала тұрғындары мен шетелден келетін қонақтардың демалыс орталығына айналды. Жалпы алаңы 76 гектарды алып жатқан кешенді салуға қазынадан 2 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Сонымен, этно-тарихи кешеннің өзге саябақтардан ерекшелігі неде? Осы мақсатта біз этнобаққа арнайы барып, фотореп жасап қайтқан едік. Ары қарай оқыңыз

Тарихи танымы мол экспедиция

Тарихи танымы мол экспедиция

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедиция 11 қыркүйек күні бір мезгілде Астана, Ақтау, Павлодар қалаларынан бастау алып, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында көшін жалғаған болатын. Ал 1 қазан күні тарихи танымы мол керуен біздің өңірге ат басын тіреді. Сыр елінен келген делегация мүшелерін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдында күтіп алудан басталған шара төрт күнге жалғасып, 4 қазан күні Жамбыл облысына аттанды.

Ары қарай оқыңыз

Облыс өнерпаздары Астана аспанын әнге бөледі

Облыс өнерпаздары Астана аспанын әнге бөледі

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Астана қаласында кең ауқымдағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Торқалы тойға күнгейлік 150-ден астам өнерпаздар өз үлестерін қосып қайтты. Салтанатты шараға облыстағы өнер майталмандары бірнеше бағдарламамен аттанған болатын.

Ары қарай оқыңыз

Тарихта Оңтүстiктiң орны бар бiр ерекше

Тарихта Оңтүстiктiң орны бар бiр ерекше

Ежелгi дәуiрден бастап күнi бүгiнге дейiнгi қазақ халқына қатысты айтулы даталарға айналған, көне жазбаларға түскен қандай да бiр тарихи уақиғалар мен деректердi алсаңыз да, бәрiнiң оңтүстiк өлкесiмен тығыз байланыста екенiн байқайсыз. Кәрi тарихқа ден қойсақ, осыдан 21-23 ғасыр бұрын осы күнгi қазақтардың алғашқы мемлекеттiлiгiнiң негiзiн құрған Үйсiн, Қаңлы, Алазон (Алшын), Аримаспи, Массагет жұрттарының басым бөлігі қазіргі Қазақстан- ның шартты түрде оңтүстік өлкесі деп аталатын Алматы, Жамбыл, Қызылордаоблыстарының аумағын жайлаған.   Ары қарай оқыңыз