Қарттар үйі неліктен көбейіп барады?

Қарттар үйі неліктен көбейіп барады?

Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Тіпті, баудай қырылған ашаршылық пен жаумен жағаласқан зұлмат замандарда да бір-біріне деген мейірімі мен шапағатын жоғалтпаған. Сұрапыл соғыс кезінде жетім қалған өзге ұлттың балаларын бауырына басып, бағып-қақты. Жер аударылып келген жандармен бір үзім нанын бөліскен. Бұл бағзы заманнан белгілі, өмірдің өзі дәлелдеген тарихи шындық. Міне, осындай көптеген қиын-қыстау кезеңдерде қазақ жерінде қарттар үйі атымен болмаған еді. Тек кеңестік кезеңде тұл жетім қалғандарға арналған мекемелер ашылып, қарияларды үкімет қамқорлығына алу басталыпты. Онда да санаулы ғана қарттар үйі болған екен. Ал қазір қарттар үйін әрбір қаладан, аудан орталықтарынан да жиі көретін болдық. Бұл нені көрсетеді? Бүгінгідей «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда, қарттар үйінің жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап бара жатқаны көңіл құлазытып, әртүрлі ойларға жетелейді. Көзі тірісінде ата-анасының қадіріне жете алмай, оларды тірі жетім етіп қарттар үйіне апарып тастағандардың мұнысы несі?

Ары қарай оқыңыз

Оразбек Романқұлов

Велосипедпен жүретін қария

63 жастағы Оразбек Романқұловтың 20 жылдан бері айнымас серігі — велосипед. Сайрам ауданында тұратын ел ағасы күн сайын жұмысына тек велосипедпен қатынайды. Ол ертеден кешке дейін 40 шақырымнан аса жолды жүріп өтеді екен. Ауыл арасында «велосипеді бар ата» атанып кеткен қарияның асқа тәбеті жақсы, денсаулығы мықты, көңілі сергек. Анда-санда суық тиіп қалатыны болмаса, ауру-сырқат мазаламайтын көрінеді.

Ары қарай оқыңыз