«Қазына» этносаябағы — киелі кесенелер мекені

IMG_4309

Қай шаһар болмасын тарихымен мәнді, сәулетімен сәнді. Шырайлы Шымқаланың өткені бүгінгі сәулетімен сабақтасып жатыр. Сөзімізге қаламыздағы «Қазына» этносаябағы дәлел бола алады. Шымшаһардың сәулетшілері алдымен Дендробақ пен зообақтың жанынан саябақ жасамақшы болған екен. Алайда, облыстың бұрынғы басшысы Асқар Мырзахметов «Бұл жер кәдімгі жай серуендейтін емес, этнографиялық саябақ болса» деген ұсыныс жасапты. Содан сәулетшілер жұмылып, тарихи этнографиялық саябақтың жобасын жасаған. Нәтижесінде, бұл жер қала тұрғындары мен шетелден келетін қонақтардың демалыс орталығына айналды. Жалпы алаңы 76 гектарды алып жатқан кешенді салуға қазынадан 2 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Сонымен, этно-тарихи кешеннің өзге саябақтардан ерекшелігі неде? Осы мақсатта біз этнобаққа арнайы барып, фотореп жасап қайтқан едік. Ары қарай оқыңыз