Қамқоршы болғыңыз келсе...

Қамқоршы болғыңыз келсе…

29 қазан – Қамқоршы күні. Елімізде бұл даталы күн 2010 жылдан бастап аталып өтіледі. Құзырлы мекемелер мен жомарт жандар бұл күнге бірнеше ай бұрын дайындалады. Бірі – балалар мен олардың заңды өкілдерінің тізімін жасақтап, түгендесе, енді бірі – сый-сияпаттарын үлестіреді. Шама-шарқы келгенше киіндіруге, қажетті керек-жарағын әперуге тырысады. ҚР білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтетін республикалық шараның мақсаты сыйлық тарату емес. Басты мақсат — жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өз қолқанатының астына алған жандарды қолдау, олардың санын арттыру және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала мәселесіне қоғам назарын аудару. Ары қарай оқыңыз