Қала бюджетіне өзгеріс енгізілді

Биылғы қала бюджетіне төртінші рет өзгеріс енгізілді. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 8-ші сессиясында депутаттар 1 млрд 931 млн теңгені ағымдағы және мақсатты трансфертті тиісті салаларға бөлді.

Сонымен, ағымдағы трансферттер 1 млрд 421 млн теңгені құраса, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 112 млн теңге қаржы бөлінді. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеуге республикалық бюджеттен 1 млрд 344 млн теңге бөлініп, мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар алу мен міндетті әкімшілік қызметкерлердің еңбекақысы үнемдеу есебінен қысқартылды. Ары қарай оқыңыз