Құс тұмауының алдын алу шаралары

 

Жоғары патогенді құс тұмауы — Н5N1 штаммды вируспен қоздыратын жұқпалы індет. Құс тұмауы құстарда және кейбір үй жануарларында кездеседі. Адамдар бұл індетті құстарды күту кезінде, ұша бөлшектегенде, және де құстармен ластанған ортамен тығыз қатынаста болғанда жұқтыруы мүмкін. Ауырған адамдарда өкпе қабынуының ауыр түрі кездеседі. Ауру кенеттен қатты қалтыраудан, бұлшық еттерінің ауруынан басталып, жөтел, тынысының тарылуы және ентігу пайда болады. Ары қарай оқыңыз