22 жаңа мектеп ашылды

22 жаңа мектеп ашылды

Кеше еліміздегі барлық білім ошақтарында алғашқы қоңырау соғылды. Білім беру ісіне жауапты мамандардың мәліметінше, биыл елімізде 7500 мектепте 2 600,0 мыңнан астам оқушы білім алады. Олардың 336 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Оның 70 мыңнан астамы күнгейлік оқушылар.

Ары қарай оқыңыз

«Мектептер оқу жылына дайын»

Бас педагог: «Мектептер оқу жылына дайын»

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бүгінде барлық ата-ана баласын мектепке дайындап қойған да болар. Ал, облыстың білім беру ордалары оқушыларға есігін айқара ашып, оларды қарсы алуға дайын ба? Биыл облыста қанша мектеп пайдалануға беріледі? Қаншасы жөндеуден өтті. Құрылысы аяқталмаған білім ордалары бар ма? Үш ауысымда білім беретін мектеп мәселесі қашан шешіледі? Бізді қызықтырған осы сауалдар еді. Ары қарай оқыңыз

«Қазақстан» кинотеатры

«Жыры» бітпеген ғимараттар

Шымкент қаласында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан, жүргізіледі деген де нысандар жетерлік. Соның бірі – «Қазақстан» кинотеатры мен бұрынғы Сәкен Сейфуллин атындағы «Халықтар достығы үйі» және Әл-Фараби алаңындағы «Шымкент Плазаның» құрылысы жөнінде кішігірім журналистік шолу жасаған болатынбыз.
Ең бірінші, «Қазақстан» кинотеатрына тоқталайық. Аталмыш кинотеатрды жыл соңында Оңтүстіктегі ұлттар мен ұлыстардың орталығына айналады деген жаңалықты өздеріңізге көктемде-ақ айтып, сүйінші сұрағанбыз. Барлық ұлттың әндері шырқалып, билері орындалады деп этномәдени орталықтың басшылары қатты қуанған. Ғимараттың облыс әкімдігінің «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесі деп аталатынын экс-әкім Асқар Мырзахметовтың өзі бекітіп берген. «Бұрынғы Халықтар Достығы үйіндегі этно-мәдени орталықтар биыл осында көшеді. Бұл біздің Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына деген тартуымыз болады» деген-тұғын. Орталық басшыларымен, сәулетші, құрылысшылармен бұрынғы кинотеатрға барып, қалай жөндеуге болатыны, қалай жаңартатынын ақылдасқан-ды… Ары қарай оқыңыз

Мектеп құрылысы қашан аяқталады?

Мектеп құрылысы қашан аяқталады?

Шымкенттегі білім ошақтарының құрылысы қарқын алған. Мердігер компаниялардың арасында берілген уақыттан бұрын нысанды тұрғызып, жұмысын аяқтап қойғандар көп. Жауапкершілікті сезінген құрылыс компаниялары отандық өнімді қолданғандарын айтып отыр. Ал сапасына кепілдік беруде. Осы орайда, қала әкімі Д.Сатыбалды жоспарда бекітілген уақыттан бір жыл бұрын құрылыс жұмыстары біткен нысандарды аралап қайтты. Ары қарай оқыңыз