Тағы бір өңірлік телеарна OTAU TV-ға қосылды

001Облыс пен қала жаңалығынан әрдайым хабардар болып, Шымқаланың тыныс-тіршілігін үнемі бақылауды ұстайтын тұрғындар үшін қуанышты жаңалық. Отырар-TV телеарнасы «OTAU TV» Қазақстан Республикасының ұлттық телехабар таралымына енді.
Дәлірегі, цифрлық эфирлік телевизиясына қосылды. Енді «Отырар-TV» телеарнасын «OTAU TV»-дің цифрлық эфирлік телевизиясы арқылы көруіңізге болады. «Отырар TV» телеарнасы Шымкент қаласы мен Шардара ауданында «Қазтелерадио» ұлттық операторының OTAU TV цифрлық эфирлік телевизиясында 26 арнадан көрсетіледі. Ол үшін ресивер, не CAM-модуль сатып алып, баптауларын орнату қажет. Телеарнаның тізімдегі рет саны — 26
Түсіндіре кетсек, «OTAU TV» ұлттық телехабар таралымы үш тұрлі телевизиядан тұрады.
Олар: 1. Жерсеріктік телевизия – бұл Жердің жасанды жерсерігі арқылы сигналды ретрансляциялау арқылы бейнедеректерді жіберудің тәсілі. Жердің жасанды жерсерігі арқылы деректерді ретрансляциялау технологиясы қазіргі таңда ең талап етілетіндердің бірі болып табылады, өйткені планетаның айтарлықтай кез келген нүктесінде тұрақты сигналды қабылдауға мүмкіндік береді. Сигналды жерсеріктік ретрансляциялаудың негізгі артықшылығы деректерді жіберу арнасының кең ауқымдылығы болып табылады. Дәл осы қасиет жерсеріктік телевизияның негізгі артықшылықтарының бірін –бейненің жоғары сапасын және телевизиялық арналардың үлкен санын анықтайды.Жердің жасанды жерсерігі сигналын жіберудің қолжетімді құнын ескере отырып, трансляцияның бағасы/сапасы үздік арақатынасын аламыз және арақатынас соңғы жылдары жерсеріктік телевизияның қарқынды дамуына жағымды жағдайлар жасады.
0022. Цифрлық эфирлік телевизия – цифрлық арналарды қолданумен бейнесигналды және дыбыстың сигналын кодтау көмегімен телевизиялық кескін мен дыбысты жіберу технологиясы. Цифрлық кодтау аналогты кодтауға қарағанда минималды жоғалтулармен сигналды жеткізуді қамтамасыз етеді, өйткені цифрлық сигналдың кескіні мен дыбысы сыртқы факторлардың (бөгеуілдердің) әсеріне ұшырамайды. Цифрлық деректерді сығымдау салдарынан үздік сапада және қосымша ақпараттпен (субтитрлер, қосымша дыбыстық жолдар) ТД арналарды үлкен көлемде жіберу үшін мүмкіндік пайда болды. Цифрлық эфирлік телевизия әлеуметтік сауалнамалардан, конкурстарда дауыс берулерден, білім беру бағдарламаларынан және т.б. тұратын интерактивтілікті (көрерменмен кері байланыс) қамтамасыз етеді.
3. Интернет телевизия – бұл интернетте тарату. Осы үшін смартфоныңызға Galam TV қосымшасын орнатып, интернет байланысына қосылып, телеарна таңдап, бағдарламаларды тамашалауға мүмкіндік береді.

Айтпақшы

 «Отырар TV» телеарнасы аналогтық хабар тарату бойынша UHF (ДМВ) 52 арна диапазонында шығады. Алма ТВ және Дана ТВ кабельді желісінен, «Қазақтелеком» АҚ-ының iD TV («Оңтүстік» жиынтығы) телевизиясында және otyrar.kz сайтында көрсетеді.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *