Тұрғын үйдің бағасы арзандады

ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің есебінше, еліміздегі тұрғын үй бағасы маусым айында 0,2%-ға арзандаған. Яғни, тұрғын үйдің бір шаршы метрі 222 406 теңгеге дейін төмендеген.

Тұрғын үйдің бағасы  арзандадыТұрғын үйдің стандартты құнына сәйкес, көп қабатты тұрғын үйдің 1 шаршы метрі маусым айында 173 013 теңге, жер үйдің 1 шаршы метрі 100 675 теңге болып белгіленген. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 0,1%-ға төмен.

Ал, жалға берілетін көп қабатты тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 1269 теңге көлемінде белгіленген.
Сондай-ақ, елімізде тұрғын үй бағасы тым арзандайды деген болжам бар. Тіпті баспана нарығындағы баға 50%-ға дейін төмендеп кетуі ықтимал. Бұл туралы сала сарапшылары мәлімдеген.

Мамандардың сөзінше, жақын күндері 2000 жылғы жағдай қайталанайын деп тұр. Ол кезде де баға бірден төмендеген болатын. Биылғы жылғы арзандауға әлем экономикасындағы дағдарыс әсер етпек. Оның үстіне халықтың банктегі ақшасын кері алу жағдайлары жиілеген.

28-009

28-008

– Ипотека көлемі де тым азайып барады. Ал бұл нарыққа әсер етеді. Доллар бағасының шарықтауы себепті сауда саттық да тоқтап қалды. Сөйтіп бағаны қолдан көтергендер, оны қайтадан түсіруге мәжбүр болады, – дейді сарапшылар.

Лаура Сапарбекова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *