Тұрғын үй жәрдемақысы кімдерге беріледі?

«Тұрмыстық қатынастар туралы» ҚР 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларға үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерді, қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі.

Тұрғын үй жәрдемақысы кімдерге беріледі?Аталмыш көмек жергілікті бюджеттен елдімекендерде тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға, оның ішінде, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе пәтер жалдаушыларға коммуналдық қызметтерді тұтынуға беріледі. Ол үшін жалданушы мен жалдаушының арасында келісімшарт болуы керек. Осы құжат негізінде жалдаушы тағайындалған тұрғын үй көмегін ала алады. Мұндай көмекке қаралған қаражат жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тағайындалады. Тұрғын үй көмегі үй жалдаушысының жанұя құрамы, үйдің нақты иеленген көлемінің пайдалы алаңы, отбасының жиынтық табысы, коммуналдық қызметке (жылумен қамтамасыз ету, салқын және ыстық сумен қамту, канализация, газ, электр жүйесі, тұрғын үй шығындары, қоқыс шығару мен абоненттік ақы) төленген шығындар көлемі көрсетілген сауалнама арызы негізінде тағайындалады. Отбасының жиынтық табысының 10-15 пайыз үлесіне қатынасымен анықталады.

Назира Сайдуллаева, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы:

– Жергілікті мәслихаттың шешімі бойынша бекітілген ережелер мен белгіленген нормативтерге сәйкес тұрғын үй жәрдемақысы есептелінеді.

Сондай-ақ, биылғы жылдың есептік қорытын-дысымен тұрғын үй көмегі 6121 отбасына тиесілі болып, олар 152 723,2 теңге алды. Ал, үшінші тоқсанда 693 отбасыға жәрдемақы беру жоспарланып отыр.

Көмек әр тоқсан сайын құжаттардың рәсімделуіне байланысты беріледі. Ескеретін жәйт, рәсімдеумен қатар берілетін мәліметтер жалған болса не болмаса төленіп жатқан жәрдемақыда заңсыздық орын алса төлем тоқтатылады. Нәтижесінде, заңсыз берілген жәрдемақы ерікті түрде не болмаса сот арқылы қайтарылады.

Қажетті құжаттар

1. Төлқұжат немесе жеке басының куәлігі (тоқсан сайын);

2. Тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (тоқсан сайын);

3. Азаматтарды тіркеу кітабы (тоқсан сайын);

4. Отбасы табыстарын дәлелдейтін құжаттар;

5. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы есепшот;

6. Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек қағазы немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

7. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы есепшот.

Лаура Сапарбекова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *