Тұрғылықты тіркелу үшін…

10Бүгінде тұғылықты жері бойынша тіркелу халықты әуре-сарсаңға салуда. Әуелде үй кітабы мен жеке куәлікті көрсету арқылы қажетті құжаттарды рәсімдей ала алсақ, бүгінде тек онымен құтылмайсың. Тіпті, бұл жүйені толыққанды ақпараттандыратын кеңесшінің де аз екені барлығымызға мәлім. Сонымен қатар, құжат рәсімдеу барысы тіркелуге тиіс тұрғындардың жеке қатысуымен ғана жүзеге асады деп тіркеу ережесіне бұрыс мәлімет жеткізетін қызметкерлерді де кездестіреміз. Азаматтардың өмірін жеңілдетеміз деген бұл орталық, керісінше қызметті атқарып кеткендей. Сондықтан, бұл мәліметтерден хабары жоқ оқырмандарға рәсімдейтін қажетті құжаттарды ұсынамыз:

1. Тіркелуге тиіс тұрғынның жеке куәлігі мен оның уақытша немесе тұрақты тіркелу туралы келісімі;
2. Тұрғылықты жердің меншігін растайтын немесе пайдалануға берілгенін куәландыратын құжаттар;
3. Жеке куәлік (16 жасқа толмаған балалар үшін туу туралы куәлік);
4. Тұрақты немесе уақытша тіркелу бойынша қызмет көрсетудің ақысы төленгендігі туралы түбіртек(0,1 АЕК – 212 тг).

Тіркелуге рұқсат етілген жерлер:
тұрғын үйлер мен пәтерлер;
келісімді және кооперативті саяжайлар;
жатақхана, қонақ үй, демалыс үйлері, санаториялар, денсаулық сақтау мекемелер, интернат үйлері, пансионаттар, қарттар үйі, қызметтік ғимараттар мен мекемелер.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *