Тұншықтырғыш газ – адам өміріне аса қауіпті

Өрт тек қоршаған ортаға, материалдық құндылықтарға ғана зиянын тигізіп қана қоймай, адам өміріне де залалын тигізеді. Қазіргі орын алатын өрттердің 66% жуығы жеке секторда болады. Өрт – тілсіз жау, айтып келмейді. Өрттің орын алғанын көптеген жағдайларда адамдар байқап үлгермей қалып жатады. Көптеген адамдар дәл сол оқиғаның өз басына туып қалу мүмкіндігіне сене бермейді. Сол себепті, өрт қауіпісіздігіне аса көңіл бөлінбейді. Адамдар өміріне зиянын тигізетін басты фактордың бірі болып тұншықтырғыш газ саналады. Себебі, елімізде болатын өрттерде қаза тапқандардың басым бөлігі осы тұншықтырғыш газдың тиесіліне жатады.

Тұншықтырғыш газ – бұл исі жоқ улайтын газ, оларды көзбен көруге немесе иіс арқылы байқау мүмкін емес, сондай-ақ адамды бірнеше минут ішінде өлтіріп жібереді.

Тұншықтырғыш газ кез келген отынды, мысалы: газ, мұнай, керосин, ағаш немесе көмір жағу кезінде болады.

Егер отын жағатын бұйымдар жарамды күйде болса және дұрыс қолданылса, шыққан тұншықтырғыш газ мөлшері қауіп төндірмейді. 

Ағзаға кірген тұншықтырғыш газ тыныс алу кезінде:

·Қандағы оттегі айналымын төмендетеді;

·Бас мидың қайтымсыз бұзылуынан соқтырады;

·Кеуденің ауруына немесе жүрегі ауыратын адамдарда жүректің ауруы ұстауына әкеліп соқтыруы мүмкін.   

Тұншықтырғыш газбен улану симптомдары:

1.бұлшық еттері әлсірей бастайды;

2.бас айналады;

3.құлақта шу пайда болады;

4.жүрек айниды;

5.құсу;

6.ұйқышылдық; кейде керісінше, қысқа уақытты жылдам қозғалғыштық; соңынан қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылуы;

7.сандырақтау;

8.елестеушілік;

9.естен тану;

10.сіңір тарту;

11.тыныс алу орталығы салынан кома және өлім.

Кейде тұншықтырғыш газбен уланған адамдар 2-3 аптадан кейін ғана көз жұмған жағдайлар болған.

Тұншықтырғыш газбен уланған кезде, тұншықтырғыш газдың келу көзін тоқтаңыз: зардап шеккенді таза ауаға шығарыңыз; жатқызып, тыныштықты және үздіксіз таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз;

Егер зардап шеккен есінен танған болса, жедел көмек келгенше немесе есін жинағанша оған  жасанды тыныс алу жасаңыз және жүректің маңын уқалаңыз.

Зардап шеккенді орнынан шығарғанда ол жерде тұншықтырғыш газдың қауіпті концентрациясы болады, біріншіден өзіңізді қорғаңыз, тұншықтырғыш газбен уланбау үшін жылдам қимылдап, қалта орамалымен немесе селдір матамен (дәкемен) тыныс алу керек екендігін есте сақтаңыз.

Тұншықтырғыш газ көздері – бұл газды және майлы пештер, ағашпен жанатын пеш, бассейнді жылытатын қозғалтқыштар және қарапайым қозғалтқыштар, пайдаланған газдың шығуы. Пештегі жарықтар және түтін құбырларының бітелуі, тұншықтырғыш газ үйдің бөлмелеріне таралуына әкеледі. Пешке таза ауа жетіспеуі үйдің ішінде тұншықтырғыш газ жиналуына әкеліп соқтырады. Еркін ауа алмасудың болмауынан  үйдің тар конструкциясы тұншықтырғыш газбен улану қауіп-қатерін күшейтеді.

 Тұншықтырғыш газбен улануды болдырмау үшін:

· Гараждың есігі ашық тұрса да, гаражда машинаның қозғатқышын сөндірмей тастап кетпеңіз.

·Үйде, гаражда немесе жертөледе еш қашан генераторларды қоспаңыз. Ашық терезелер және есіктер немесе қосылған желдеткіштерді үй ішінен тұншықтырғыш газды шығара алмайды.

·Еш қашан үйде, көлік және гараж ішінде ағаш көмірді жақпаңыз.

·Үйді жылыту үшін ешқашан газ плитаны, бу шкафты,  кептіргіш аппаратты пайдаланбаңыз. Еш қашан жеткілікті білімсіз және арнайы құрал-саймандар болмаса, отынды жағатын құрылғылармен қолданбаңыз және орнатпаңыз.

·Бу шкафының түбіне фольга салмаңыз, өйткен ол газдың толық жануына кедергі жасайды.

·Жабық бөлмеде немесе ұйықтайтын бөлмеде желдетпейтін газ құрылғыларын пайдаланбаңыз.

Б. РАХЫМБАЕВ,

Астана қ. ТЖД МӨББ

ӨҚСБжПҚБ инженері

азаматтық қорғау лейтенанты

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *