Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Б. Атамқұлов мәслихат депутаттарының келісімімен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымовты Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындады.

Ғабидолла Әбдірахымов

Ғабидолла Әбдірахымов

Ғ.Әбдірахымов 1975 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист-бухгалтер, мемлекеттік басқару магистрі.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті болып бастаған. 1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі нормативтік-құқықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы, агенттік төрағасының кеңесшісі, төраға орынбасары, төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы болған. 2008-2013 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы қызметтерін атқарған.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып еңбек еткен.
Шымкенттің бұрынғы әкімі Д.Сатыбалды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол Берік Оспановтың орнын алмастырды.

Ал, Берік Уәли республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі болып тағайындалды.

Лаура Сапарбекова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *