Шымкент алдағы бес жылда…

Облыс әкімі Б.Атамқұловқа қала әкімі Ғ.Әбдірахымов Шымшаһардың 2016-2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының жобасын таныстырды. Қаланың бес жылдық даму жоспарындағы басты тапсырмалар мен мегаполистің тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелерді қамтитын құжатта тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы, сәулеті, кәсіпкерлік сынды бірқатар салалар да қарастырылған.

Шымкент алдағы бес жылда...

Тұжырымдамада қаладағы инфрақұрылымды дамытуға басты назар аударылған. Мәселен, Шымкентке кейіннен қосылған аудандарда бес су тазарту құрылғысы орнатылып, қаладағы «Бадам» мен «Қошқарата» су тоғандарына ағатын кәріз сулары тоқтатылатын болады. Бұдан бөлек, көлік жолдарындағы кептелістерді азайту үшін бес жол айрығын салу ұсынылып отыр. Маңызды мәселелердің қатарына қала халқын таза ауыз сумен қамту, кәріз жүйелерін реттеу, газ, жылу және электрмен жабдықтау кіреді.

Шымкент алдағы бес жылда...

«Ақылды қала» жобасы бойынша дамитын Шымкент шаһарында шағын және орта кәсіп дамып, қалаға инвесторлар мен туристерді тарту жұмыстары жүргізілмек. Қала басшылығының жоспарында жаңа заманауи іскерлік және тұрғын үй «Shymkent City» ауданын құру да бар.
Тұжырымдамада жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін қаладағы автобус паркін жаңарту мәселесі де қаралған. Сонымен қатар, қала мектептеріндегі жүйені өзгерту. Атап айтсақ, мектеп директорларын конкурс нәтижесінде тағайындау, қамқорлық кеңесін құрып, балалардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін қадағалау үшін ата-аналарды заманауи электронды бақылау жүйесімен қамтамасыз ету де кіреді.

Шымкент алдағы бес жылда...

Таныстырылған тұжырымдамаға облыс әкімі жоғары баға беріп, кейбір мәселелерге толықтырулар енгізу керектігін жеткізді. Облыс басшысы, ең алдымен, қалалардың дамуындағы әлемдік тәжірибенің толық зерттелмегеніне мән беріп, әлемдік экономикалық форум мен «Doing Businessтің» ғаламдық рейтингін ескеруді айтты. «Бұл зерттеу Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруіне септігін тигізеді»,- деді Б.Атамқұлов.

Шымкент алдағы бес жылда...

Аймақ басшысы құжатта жеке тұрғын үйлерді салуды дамыту жос-пар кешенінің жоқтығын алға тартты. Шаһардағы жеке тұрғын үйлердің мәселесіне көңіл бөлінбесе, ол қаланың даму жоспарына кедергісін тигізетінін жеткізді. Яғни, қалада тұрғын-үй коммуналдық мәселелері заман талабына сай шешілуі тиіс екеніне назар аударды.

Шымкент алдағы бес жылда...

Сонымен қатар, жиында қаланы электрмен жабдықтау, экологиялық жағдайды жақсарту мен «жасыл» экономиканы дамыту жайы да сөз болды. Шымкенттің дамыған қалалардың қатарына кіруі үшін шаһардағы тұрғын үйлердің шатырына күн көзінен қуат алатын аккумуляторлар орнатылып, велосипед инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар, электр жарығын үнемдеуші шамдардың күнделікті тұрмыста пайдаланылуы керектігі айтылды.

Шымкент алдағы бес жылда...

Аса назар аударатын проблемалардың бірі — елдегі жұмыссыздық. Бұл мәселені шешу үшін облыс әкімі ТМД елдеріндегі қалалардың даму тарихын зерттеу керектігін ескертті. Әрі Шымкент қаласының жетекшілігі алдағы бес жылдықты ғана емес, болашақ ұрпаққа аманат қаланың алдағы 20-30 жылдық жоспарын құруды сөз етті. Келешек үшінші мегаполисті дамытуға арналған тағы бір бағыт – осы істерге қала тұрғындарын да тарту мәселесі. Қаланың барлық талаптарға сай болып дамуы үшін жергілікті халық та бұған жауапкершілікпен және түсіністікпен қарап, оған бұқараны жұмылдыру әдіс-тәсілдері ұйымдастырылуы шарт.

Шымкент алдағы бес жылда...

Айтпақшы, Шымкенттің үшінші қала статусын иемденуіне Елбасының өзі айрықша назар аударып отыр.

Жансая Сыдықбай

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *