ШНОС-та 14 жаңа қондырғы салынады

000000

Жылына 6 млн тонна мұнай өңдейді

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» Шымкент мұнай өңдеу зауытының мамандары кәсіпорындағы қайта құрылымдау және жаңғырту жұмыстарының барысымен таныстырды. Жаңғырту бағдарламасы осы зауыттағы іске асырылып жатқан ең маңызды жобалардың бірі. Қайта құрылымдауға инвестицияланған қаржы көлемінің зауыттың бар құнымен шамалас екені де көп нәрсені білдіреді. Зауытта жаңғырту аяқталғаннан кейін АИ-80 маркалы жанармай шығарудан бас тартуы мүмкін. Оның орнына октандылығы АИ-92-іден кем емес бензин шығарады. Кәсіпорын тауарларының қатарында түрлі-түсті мұнай өнімдерінің қатары артады.
Ал, АИ-92, 95, 96 маркалы бензиндер ЕУРО-4 және ЕУРО-5 талаптарына сай болады.


Зауытта жүргізіліп жатқан жаңғыртудың басты мақсаты мұнай өңдеу зауытының жұмыс сапасын әлемдік стандарттарға жауап беретін деңгейге жеткізу. Бұған зауыттың жылдық мұнай өңдеу қуаттылығын 6 млн тоннаға ұлғайту, мұнайды өңдеу тереңдігін 90 пайызға ұлғайту, алынатын өнімнің сапасын жақсартып, ЕУРО-4 және ЕУРО-5 стандарттарының талаптарына сәйкестендіру кіреді. Сондай-ақ, шығарылатын өнімнің таңдау қатарын да арттыру болып отыр. Мұндай өнімдердің бірі — қарапайым күкірт алу.
2015 жылдың желтоқсан айында «Қуаттылығы жылына 4000 тонна күкірт өндіретін қондырғы» іске қосылды. Басынан бастап салынған жаңа нысанның жобалық қуаттылығы жылына 4 мың тонна күкірт өндіруге жетеді. Жаңа өнімді пайдалану шегі өте кең. Уран алуға қажетті күкірт қышқылын алудан бастап, оқ дәрі әзірлеуге дейін пайдаланылады. Қазір мұнда 27 адам жұмыс істейді. Утилитарлық мақсатынан бөлек, бұл қондырғы экологиялық та мәселелерді шешуге көмектеседі.
Кәсіпорынның жаңғырту бағдарламасында экологиялық нормалар мен талаптарды сақтауға аса мән берілген. Осы ретте мұнай өнімдерін нүктелік, яғни саңылаусыз құю қондырғысын айтуға болады. Бұл қондырғының техникалық жұмыстары 2016 жылдың 4 тоқсанында аяқталады. Атмосфераға бөлінетін бензин буының көлемін айтарлықтай азайтады. Бұл қондырғы сағатына 730 текше метр өнім құятын телескопиялық құбырлар арқылы екі нүктеден автобензиндерді автоматты құюды қарастырады. Сонда 1 вагонцистерна 6-7 минутта толтырылады. Бүгінгі таңда құрылыс монтаждау жұмыстарының нәтижесі мынадай. 2014 текше метр бетонның 876 текше метрі құйылды. Құрастырылатын 416 тонна металоконструкцияның 340 тоннасы құрстырылды. Жабдықты монтаждау жұмыстары басталды.
Пайдалануға берудің бірінші кезеңінде кәсіпорында шығарылатын барлық түрлі-түсті мұнай өнімдерін жаңа қондырғыда құю жоспарланған. Содан кейін керосин мен дизелді отынды құю осында ауыстырылады.
Зауытта изомерлеу қондырғысын салу жұмыстары жалғасып жатыр.
01«Шикізатты дайындау блогы бар изомерлеу қондырғысын салу» жобасы К-4, К-5 стандарт талаптарына сай келетін автобензин компоненттерін өндіруге бағытталған. Қондырғының қуаттылығы жылына – 600 мың тонна.
Қазір мұндағы құрылыс алаңқайында 700-ден астам құрылысшы мен монтаждаушы еңбек етеді. Ал, жаз мезгілінде олардың саны 1200 адамға дейін артады.
Жалпы зауыт шаруашылығы нысандарында жер қазу жұмыстары басталды. №3600 резервуар паркінің шұңқыры дайындалды. Факелде бұрғылап құйылатын тіректерді құю жұмыстарын бастады. Бүгінгі таңда изомерлеу қондырғысы бойынша мына жұмыстар орындалды: жобалау жұмыстары – 98,9%. 149 жабдыққа тапсырыс берілетін болса, соның 147-іне немесе 99%-на тапсырыс беріліп қойды.
6970 текше метр іргетастың 6 568 текше метрі немесе 94%-ы құйылды.
Изомерлеу қондырғысының құрылысын аяқтау 2016 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.
«Каталитикалық крекинг қондырғысы» жобасы мұнай (шикізат) өңдеу көлемін жылына 6 млн тоннаға дейін жеткізуге және шикізатты өңдеу тереңдігін 85%-ға дейін жеткізуге бағытталған.
Жаңғырту жұмыстары өңделетін мұнайдың тереңдігін арттыруға, кәсіпорынның қуаттылығын 6 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. Қайту құру жұмыстарының қаншалықты үлкен екенін сан мәліметтерінен-ақ білуге болады. Модернизациялауға 2 млрд доллар шамасында инвестиция құйылады. Осылайша, мұнайдан алынатын таза заттардың деңгейі 62%-дан 90%-ға өсуі қажет.
Жаңғырту жұмыстарының іске асырылуынан АИ-92, 95, 96, 98 маркалы жоғары октанды бензин шығарылады. Жаңғыртуды жүргізу шығарылатын дизелді отынның мөлшерін 700 мың тоннадан 2 млн 350 мың тоннаға жеткізеді. Сығымдалған газдың өндірісі екі есе өседі. Авиациялық керосин өндіру де айтарлықтай ұлғаяды. Елдің жоғары сапалы бензин мен дизелді отынға деген сұранысы қанағаттандырылады.
— Бүгінгі таңда еліміздегі мұнай өңдейтін үш зауытта да жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Кезінде «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС сұраныстың төмендігінен  аз өнім шығарған еді. Себебі мұнай (шикізат) жетіспеді. Оның үстіне өнімдеріміздің құрамында мазут көп болатын. Ал жаңа жобалар жүзеге асқан жағдайда біз жылына 6 миллион  тонна жоғары сапалы өнім өндіретін боламыз,- дейді инжиринг және жобаларды басқару департаментінің директоры Сейілхан Жүсіпбеков.
Кәсіпорында жаңғырту жобасына қосалқы көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Мұндай серіктес жұмыстар жаңғыртудың жалпы бағдарламасына енбейді. Әйткенмен, оларды жүзеге асыру Петро Қазақстан Ойл Продактс мұнай өңдеу зауытының жаңа жоғары сапалық деңгейге көтерілуі үшін қажет. Бұған теміржол подъезд жолдары, арнайы экономикалық аймақ аумағындағы құбыр желілерін ауыстыру, сумен қамтамасыз етудің альтернативті көздерінің болуы кіреді.
Зауыттағы жаңғыртудың кешенді бағдарламасы 2017 жылдың соңында аяқталып, зауыт пайдалануға берілуі керек.

004Нұрлан Аханов, №2 цехтың бастығы.

— Күкіртсу-текпен байытылған барлық технологиялық қышқыл газдар деп аталады. Біздер осы күкірт алатын қондырғыда жағып, қарапайым күкірт аламыз. Бүгінге дейін 300 тоннасын өндіріп үлгердік.
Бұрын алаулап жанып кететін күкірт газы енді қарапайым күкіртке өңделеді. Яғни, біз облысымыздың экологиясының жақсаруына септестік.

 

 

 

005Сейілхан Жүсіпбеков, инжиринг және жобаларды басқару департаментінің директоры:

— Біз қазір бензинді ескі эстакада да құйып жатырмыз. Ескі эстакадада құйғанда вагонцистернаның аузы ашық болады да, бензин құйған кезде газ шығып, айналасы газды кеңістікке айналады. Бұл қауіпті. Жанып кетуі, не жарылуы мүмкін. Екіншіден, ескі эстакадада есеп жүргізу автоматты емес. Онда көп адамдар жұмыс істейді. Көтеріп, түсіреді. Ал, мына жаңа салынып жатқан эстакадада барлығы автоматты түрде жасалады. Автоматты түрде санап, автоматты түрде жабады. Вагондағы будың бәрі қайтадан пайдаланылады.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *