Шардарада күріш егілуде

Шардара ауданының диқандары судың тапшылығына қарамастан, үйренген кәсіптерін қайта бастады. Биыл күнгейліктер 1400 гектардан астам жерге күріш екті. Айта кетейік, шаруалар өз өнімдерін сату үшін алысқа арқалап қиналмайды. Себебі, ауданның өзінде күрішті қайта өңдейтін зауыт бар.

 

Шардарада күріш егілуде

Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Абылай Мақановтың айтуынша, биыл 26 мың гектар жерге жем-шөп дақылдары егілді. Былтыр дәнді жүгері 3 мың гектарға, биыл 3500 гектарға егілген. Ал мақта былтырғы жылмен салыстырғанда 7-8 мың гектарға аз.

Шардаралық шаруалар тек күріш егумен ғана айналыспайды. Бақша өнімдерінен бөлек, дақылдың барлық түрлерін кәсіп еткен. Диқандар жердің құнарлығын арттырып отыруды да жақсы меңгеріпті. Қысқасы, егіншіліктің қыр-сырын білетін шардаралықтар былтыр мемлекет тарапынан 1 млрд 200 миллион-нан астам көмек алып, оны тиімді пайдалануда.

Әділхан АБАЙҰЛЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *