«Сайрам» колледжі Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтті

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.б. бағытталған» делінген. 1946 жылы ББҰ-ның  жанынан құрылған халықаралық медициналық  мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық  халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады. «Сайрам» колледж ұжымы осы күнді жылда қуанышпен атап өтеді.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

Бірінші байлық – денсаулық. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Сөйтіп, күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып, санымызды соғамыз. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы.

Осыған орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне «Сайрам» колледжінде Сайрам тұрғын массиві А корпусында және Шымкент қаласы, Алдиярова №10 орналасқан Б корпусындада І-ІІ курс студенттері арасында көптеген спорттық ойындар мен спорт жүлдегерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шараға 21 топ студенттері қатысты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Кебееваның басшылығымен колледж психологтары А.С.Рысбекова, С.У.Шомахмудова және денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Элдар Эргешов, Камолиддин Шерметов, Эркин Миромаров, Қуаныштың Сарсенбаевтың  ұйымдастырумен флешмобтар, эстафеталық ойындар, шашка, шахмат, тоғызқұмалақ, гир көтеру, ұлдар арасында қол күрес, жүгіруден жарыстар өткізілді. Колледж мейірбикелері Ш.Р.Махаметова мен Г.Урамалиева  студенттерден ауызша сұрақ-жауап арқылы теориялық білім деңгейлерін анықтады. Таэквондадан спорт шебері ЕІ 09-15 «Г» тобының ІІ-курс студенті А.Тұрғаналиева ортада өз өнерін көрсетті. «Сайрам» колледжінің директоры Г.С.Баймағамбетованың басқарумен көптеген іс-шаралар колледж ұжымының ауызбіршілігінің арқасында жоғары деңгейде өткізіледі. Іс-шараға қатысқан барлық топ белсене ат салысты. Осының нәтижесінде студенттер арасында «Ең үздік спортсмен» номинациясымен «Арыстан» тобының студенті Давлат Шухратов пен «Барыс» тобының студенті Рамиль Байрамов марапатталды. Эстафеталық жарыста «Қарлығаш» тобы І-орын алды. Шашкадан І-орын алған «Жұлдыздар» тобының студенті А .Эшметов,  ұлдар арасында жүгіруден «Спартак» тобының студенті Ш.Шомансуров, қыздар арасында жүгіруден І-орын алған «Арыстан» тобының студенті М.Тажиханова, гир тасын көтеруде І-орын иегерлері ЕІ 09-15 «В» тобының студенті Нұрсұлтан Юсупов, «Хулиганы» тобының студенті Рамиль Темиров, теориялық ауызша жауап беруден «Арыстан» тобының студенті Азиза Сатан және «Барыс» тобының студенті Софья Василиади  өздерінің теориялық білімінің жоғары екенін дәлелдеді. Командалық есепте ІІІ-орын «13 аймақ», ІІ-орын «Өркен тобы» ал І-орынды «Арыстан тобы» мен «Барыс тобы» иемденді. Колледжіміздің мақтанышы Султан Эрметов ІІІ-курс студенті, бокстан халықаралық деңгейдегі чемпион өз жетістіктерін студенттерге жеткізіп, басқаларда қызықтыра түсті.

Колледж мейірбикелері Ш.Р.Махаметова мен Г.Ураймалиева оқытушылардың денсаулығын нығайту мақсатында қан қысымын тексеріп, салмақтарын өлшеп, медициналық тексеруден өткізіп, кеңестер берді.

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. «Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ халқымыз. Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Кебеева студенттерге өз денсаулығын күтуге, салауатты өмір салтын ұстанып, өз бойын зиянды заттардан аулақ ұстап, спортпен шұғылдануға шақырды. Іс-шараға қатысқан барлық топтарға алғыс білдірді.

«Сайрам» колледжінің ұжымы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *