СҰР КЕЛЕСТІҢ ЖАҢА ҚОНЫСЫ БАР

16-2Зообақтың тағы бір мекендеушісі сұр келесті жаңа орынға көшірді. Мұнда қазір 6 сұр келес бар. Барлығын да тар террариумнан жаңа кең торға қоныс аударды. 15 сотық аумақты қамтитын орында бауырымен жорғалаушыларға қажетті жағдай жасалған. Жаңа торлы орынның ландшафты да келестердің құм ішіне жасырынуына ыңғайластыра салынған. Ыстық күннен қорғайтын бұталар мен ағаштар да өсіріліпті. Ел арасында «варан» атауымен танымал келес Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қазақстанның Қызылқұмында мекен етеді. Күндіз белсенді әрекет етіп, шапшаң қозғалады. Үш жыл ішінде жыныстық тұрғыдан жетіліп, жылына бір рет 20-24 дана жұмыртқа салып, көбейеді.

Айя МҮТӘЛІ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *