«ПКОП» ЖШС-дегі жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын

000000Елбасы жолдауына сәйкес отандық кәсіпорындарды заман талабына сай жаңартып, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Петро Қазақстан ойл продактс Шымкент мұнай өңдеу зауытында изомеризациялау қондырғыларын орнату жұмыстары аяқталуға жақын.
«Шикізатты дайындау блогы бар изомерлеу қондырғысын салу» жобасы К-4, К-5 стандарт талаптарына сай келетін автобензин компоненттерін өндіруге бағытталған. Қондырғының қуаттылығы жылына – 600 мың тонна. Мұндағы қондырғы іске қосылғаннан кейін Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сай бензин шығаруға арналған қоспалар алынады.

Инжиринг және жобаларды басқару департа-ментінің директоры Сейілхан Жүсіпбеков-тың айтуынша, монтаждау жұмыстары 80 пайызға аяқталды.

— Ақпан айына дейін механикалық тұрғыдан монтаждалып бітеді. Қаңтар айынан электрқозғалтқыштарының динамикалық құрылғыларын, сорғыларды, ауа сығымдағышты, ауа салқындатқыштарды сынақтан өткізуді бастаймыз. Сәйкесінше, қосу алдын дайындық жұмыстары да басталады. Маусым айында қондырғы режимді жұмыс тәртібіне көшіп, қажетті өнімді шығарады деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда өз мамандарымызды оқытып жатырмыз. Алдымен осында теориялық оқу дайындығынан өтіп, содан кейін Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында іске қосылған дәл осындай қондырғыдан өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Желтоқсан айында тағы 16 адамды Қытайға осындай қондырғының қыр-сырын үйреніп қайтуға жібереміз. Іске қосу мен жөндеу жұмыстарын қытайлық компания біздің мамандармен бірлесіп жүргізеді,-дейді Сейілхан Жүсіпбеков.

Бұдан бөлек жалпы зауыт шаруашылығын монтаждау жұмыстары қатар жүріп жатыр. Жалпы зауыт шаруашылығындағы барлық нысандарда тазарту жасалып, жер жұмыстары, яғни іргетасын қалау аяқталды. Қазір металлқұрастырылымдары монтаждалуда. Сондай-ақ электр қуатымен және сумен қамтамасыз ету желілері де жаңартылып, іске қосылады. Резервуарлар да әзірленуде. Онда аралық өнімдер жіберіледі. Жоспарланғанның бәрі де мерзіміне сай орындалуда. Изомерлеу қондырғысында 36-40 адамдай жұмыс істейді. Олардың барлығы аталмыш қондырғына күтіп-баптайды. Изомерлеу қондырғысынан бензиннің компоненті болып табылатын изомерат алынады. Бұл қоспа бензиннің октанды көрсеткішін жоғарылатып, құрамындағы бензол мен күкірттің мөлшерін азайтады.

Жаңғырту жұмыстарының іске асырылуынан кейін зауытта АИ 92, 95, 96, 98 маркалы жоғарыоктанды бензин шығарылып, 2 млн 300 мың тоннаға жетеді. Сығымдалған газдың өндірісі екі есе өседі. Авиациялық керосин өндіру де айтарлықтай ұлғаяды. Елдің жоғары сапалы бензин мен дизелді отынға деген сұранысы қанағаттандырылады.

img_3473

Сейілхан Жүсіпбеков, «ПКОП» ЖШС инжиринг және жобаларды басқару департа-ментінің директоры

— Ал жаңа жобалар жүзеге асқанда жылына 6 миллион тонна жоғары сапалы өнім өндіретін боламыз. Мазут өндіру азайып, 600-700 мың тонна шамасында ғана өндіріледі,-дейді Сейілхан Жүсіпбеков.

Кәсіпорында жаңғырту жобасына қосалқы көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Мұндай серіктес жұмыстар жаңғыртудың жалпы бағдарламасына енбейді. Әйткенмен, оларды жүзеге асыру Петро Қазақстан Ойл Продактс мұнай өңдеу зауытының жаңа жоғары сапалық деңгейге көтерілуі үшін қажет. Бұған теміржол подъезд жолдары, арнайы экономикалық аймақ аумағындағы құбыр желілерін ауыстыру, сумен қамтамасыз етудің альтернативті көздерінің болуы кіреді.

Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құрастыру жобасы 2011 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде басталған. Жобаның негізгі мақсаты – зауыттың жұмысын мұнай өңдеу зауыттары қызметтерінің заманауи әлемдік стандарттарына жауап беретін деңгейге жеткізу.

Айтпақшы, мұның алдын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлаған едік. Биылғы барлық жоспарлы жөндеу жұмыстары Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесінен 3 тәулік бұрын, 2016 жылғы 9 қарашада аяқталды. Алдын жөндеу жұмыстары 12 қарашада бітеді деп жоспарланған болатын. Күрделі жөндеу кезінде технологиялық жабдықтарға, құбыр желілеріне, өндірістік пештерге, сорапты-компрессорлық торапқа, кабель желілеріне, электр жабдықтарына, негізгі және қосалқы қондырғылардың бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, техникалық куәландырудан өткізілді.

Жәнібек НҰРЫШ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *