Мандаринді тастамай, тосап жасаңыз

Жаңа жылдық мерекеден соң мандариннің «қазан» болатын кезеңі басталады. Оны кез келген сауда орнынан қолжетімді бағаға сатып алуға болады. Кейде молынан сатып алғанда, жарамсыз болып қалмауына жол бермеуге тырысыңыз. Ары қарай оқыңыз

Муковисцидоз – аса қауіпті кесел

Облыста муковисцидоз дертімен 15 шақты бала ауырады. Өте сирек кездесетін кеселді емдеу қиын. Сондықтан еміне мемлекет тарапынан дәрі-дәрмек тегін беріледі. Муковисцидозға туа бітті шалдыққан бала күнделікті 10-нан астам түрлі дәрі қабылдайды. Бір баланың дәрісін алуға айына 100 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады. Жуырда муковисцидозбен ауыратын балаға берілетін препараттарды уақытында ала алмай ата-аналар дабыл қақты. Бұл қандай дерт екендігіне қысқаша шолу жасасақ. Ары қарай оқыңыз

Пәтер иесі жалға алушыны тіркеуге міндетті

Азаматтарды тұрақты және уақытша тіркеу бойынша заңға енгізілген өзгерістерді ОҚО Ішкі істер департаменті Көші-қон полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрдәулет Төлегенұлы жан-жақты түсіндірді.

«Қазақстанда тіркеу институты 1993 жылы енгізілген. Ол еркін жүріп-тұру құқығын шектемейді, бірақ жаңа тұрғылықты жерге келген азамат өзінің мекенжайы туралы хабарлауы тиіс. Бұл ішкі көші-қонға мониторинг жүргізуге, осы және басқа қалада немесе аудандағы азаматтардың есебін нақтылау үшін қажет. Осы мәліметтердің негізінде жұмыс орындарын ашу, мектеп, аурухана құрылысы, инженерлік-техникалық инфрақұрылымды дамыту жоспарланады. Бұған қоса, полициядан немесе басқа органдардан қандайда бір арнайы рұқсат алудың қажеттігі жоқ, тұрғын жай иесінің келісімі болса жеткілікті», – деді облысымыздағы Көші-қон полициясының бастығы. Ары қарай оқыңыз

Уақытша тіркеу… тағы нені білу керек?

Уақытша тіркеу төңірегіндегі сауалдар легі толастар емес. Сұрақтарға ОҚО ІІД Көші-қон полиция басқармасының аға инспекторы Жеңіс Әуелбеков жауап берді.

– Қаладағы пәтерімді жалға бергенмін. Алайда, пәтерімді банк арқылы несиеге алғандықтан бұғатта тұр. Пәтерімді жалға алушыларды уақытша тіркеуге қалай тұрғызамын?

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 493-бабына енген өзгертулерге байланысты пәтерін жалға берушілер пәтерінде бір айдан астам мерзімге тұратын азаматтарды уақытша тіркету қажет. Бұл міндетті орындамағанда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл үшін банктен құжатардың түпнұсқалары кепілдікте тұрғаны туралы анықтаманы және тұрғынүй құжаттарының көшірмесін алып, ХҚКО-на өтініш білдіреді. Ары қарай оқыңыз

Мүгедектігіне байланысты берілетін жәрдемақы

Жалпы ауру, еңбекте мертігуден,кәсиби ауру салдарынан мүгедек болғандар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың жәрдемақы мөлшері:

*1 топ мүгедектеріне – 43538 теңге (1,78*КД);
*2 топ мүгедектеріне – 33999 теңге (1,39*КД);
*3 топ мүгедектеріне – 23970 теңге (0,98*КД); Ары қарай оқыңыз

110 жасқа жеткен Гулчечек әже

Ақ тілектердің тиегін ағытқанда «Жамбылдың жасын берсін» деп ұзақ ғұмыр тілейміз. Бірақ бүгінде бұл жастың жартысына да жетпейтіндердің қарасы қалың. Дегенмен ғасырдан да ұзақ ғұмыр кешкен жандар арагідік болса да бар. Екінші жүзжылдыққа аяқ басқан шымкенттік Гулчечек Колаеваның жасы 110-ға толып отыр. Қария екі ғасыр тоғысында талай тарихи оқиғалардың куәсі болған. Ұлы Отан соғысы басталған жылдары Кавказдан жер аударылып келген екен. Зұлматты жылдардың зұлымдығын көп көргенін жасырмайды. Туған жерінен жырақтап қалғанда өзіне қазақ халқының қамқорлық көрсеткенін әлі де жадынан шығарған емес. Сүйеніш таянышы жоқ жандарды колхоз председателі Жеңіс Оразов деген кісі өз үйін паналатады. Өзі ғана емес екі інісінің де жетіліп, ел қатарына қосылуына көп көмегін тигізіпті. Ары қарай оқыңыз

Жұмыссызы жоқ Азаттық ауылы

Күнгейдегі көрікті мекендердің бірі Түлкібас ауданындағы Азаттық ауылы былтыр облыс бойынша «Үздік ауыл» атанды. Өңірімізде 932 ауыл барын ескерсек, солардың арасынан қара үзіп шығу үлкен абырой, әрине. Мақтаулы ауылға ат басын бұрғанда көргенімізді айтсақ, көңіл сүйсінеді. Күре жолдың бойын жағалай орналасқан ауыл тазалығымен тәнті етердей. Көшеге көрік беріп тұрған дарақтарды күз түспей тұрып күзеп қойыпты. Ауыл деген аты болғанымен қаладағыдан жағдайы жақсы. Ауылда көгілдір отын мен ауызсу мәселесі түбегейлі шешілген. Ауыл тұрғындары таңмен таласа тұрып, тырбанып еңбектенуді серік еткен. Еңбекқор екендіктерін сәулеті жарасқан үйлерінен-ақ білуге болады. Қас беті қасаң болып, күйі кеткен бір үйді көрмейсің. Бәрі де әктеліп, сырланып, жұтынып тұр. Осыған қарап-ақ ауыл тұрғындарының кәсібіне нәсібі сай екендігін бағамдауға болады. Ары қарай оқыңыз

АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін…

 

 

Бүгінгі таңда АИТВ-жұқпасымен күресу — аса қауіпті аурумен күресудің пәрменді шараларының бірі. Әлем ғалымдары АИТВ-жұқпасына қарсы тиімді дәріні тез арада жасап шығару үшін қолдарынан келген мүмкіндіктерді жасауда. Бұл салада біршама жетістіктер бар, бірақ ауруға қарсы нақты екпе табылған жоқ. Сол себепті АИТВ-ның алдын алу–инфекциядан сақтанудың ең тиімді және кепілдендірілген жолы және оның нәтижесі әрбір адамның мінез-құлқына байланысты болады. Ары қарай оқыңыз

eGov.kz сайтында уақытша тіркеу қызметі қосылды

Қазақстанның электрондық үкіметі порталында eGov.kzазаматтардың тұрғылықты жері бойынша уақытшатіркелу қызметі қолжетімді болды. Ол қызметті пайдалану үшін,тұрғын үй  иесі мен онда тіркелу ниетін білдірген азаматта электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)болуы және  порталда авторизациядан  өтуі қажет.  Қызметтің өзі «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінде, «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» қосымша парағында қолжетімді. Ары қарай оқыңыз

ХҚКО-ның мобиль топтары базарға шықты

 

Азаматтардың қолайлылықтары үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарды уақытша тіркеу бойынша қызметтерді көрсету үшін оқу орындарын, базарлады және сауда орталықтарын аралайды.  Ары қарай оқыңыз