«Ана тілі және отбасы» байқауы өтті


Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Ана тілі және отбасы» байқауы өтті.. №56 «Тұлпар» бөбекжай балабақшасының ұжымы болып осы байқауда бағымызды сынап, тілдің мәртебесін арттыруға үлесімізді қостық. Байқаудың мақсаты — еліміздегі әрбір отбасы мен қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан-жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып, ұлттық тілімізді мемлекетіміздің келешегі, еліміздің ертеңі ретінде үйретіп, ана тілінде сөйлеуді ұлттық мақтанышқа айналдыру, озық тәжірибелерді насихаттау болатын. Ары қарай оқыңыз

«Жасөспірім және заң» атты дөңгелек үстел өтті

Шымкент қаласындағы  №42 Хамза атын. жалпы орта мектебінде Абай ауданы прокурорының көмекшісі М. Баймахановтың қатысуымен жасөспірімдер арасында қылмыс, құқықбұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында   «Жасөспірім және заң» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ары қарай оқыңыз

Жаңа бастамалар мұғалімді шығармашылыққа жетелейді

Ақпан айының 23 жұлдызында Шымкент қаласы білім бөлімінің ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №58 жалпы орта мектебінде «Оқушының математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шығару дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағыттау» тақырыбында семинар болып өтті. Мектеп директоры Б.Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, семинарды ашты. Ол өз сөзінде мектеп ұжымының қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Сөз соңы көңілді концертке ұласты. Мектеп оқушыларынан құралған «Үкілім-ай» оркестрінің орныдаушылары күмбірлеген күй орындаса, «Көркем» би тобы мың бұралған билерімен тамсандырды. Ал мектебіміздің талантты жас әншілері әуезді әндерді әуелете шырқап, семинарға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ары қарай оқыңыз

«Медициналық сақтандыру жұмысты жүйелеуге жол ашады»

Қазақстан өркениетті елдер секілді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңын қабылдады. Тұтастай алғанда, құжат азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуді қарастырады. Ары қарай оқыңыз

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды. Ары қарай оқыңыз

Жаһандық бәсекеге қабілетті Қазақстан!

Қазіргі таңдағы қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру салаларына өзекті мәселе болып отыр.«ХХI ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХI ғасырға қалай дайындайды?» деген сауалдарға байланысты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» — Жолдауын жариялады. Ары қарай оқыңыз

Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» -демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Ата–ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер алып, бала түрлі жаман мінездерді қабылдайды. Ары қарай оқыңыз

Ел болашағы бүлдіршіндер!

Болашаққа бастар жол, балабақшадан басталады. Шымкент қаласында «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысында «Теріскей» м/а орналасқан ЖШС «Нұр-Әділ» бөбекжай балабақшасы өз жұмысын атқаруда. Ғимараттың жалпы алаңы кең, жарық, таза, соңғы үлгідегі заман талабына сәйкес жабдықталган. «Балапан», «Бәйтерек», «Солнышко», «Радуга» деп топтарға берілген аттары ерекше ажар беріп тұрғандай. Балаларымызды қарсы алатын ойнайтын, тамақтанатын, демалатын, жуынатын орындар өте жоғары үйлесімділікпен жарасым тапқан. Ары қарай оқыңыз

Айналасына шуақ шашатын жан

Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алады. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі. Сондай жандардың бірі — Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектебінің директоры Айгүл Есжанқызы. Ары қарай оқыңыз

№4 колледж ұжымы Елбасы Үндеуіне қолдау білдірді

Елбасының кемеңгер саясаты мен басшылығының нәтижесінде 25 жылдың ішінде Отанымыздың экономикасы да, мәдениеті де, халықаралық деңгейдегі абырой – беделі де бұрын соңды болмаған жағдайда өсіп –өркендеді. Бұл Үндеу қазақ қоғамын жаңартып, жаңғыртудың заңды жалғасы болатынына ешқандай күмән келтіруге болмайды.

4 колледж ұжымы Мемлекет басшысының халыққа арнаған Үндеуін талқылап, Үндеуге қолдау білдірді. Бас қосуда колледж директоры Асылбекова Ләззат Абибуллақызы сөз алды. Ары қарай оқыңыз