Отандық ақпарат кеңістігін дамыту үшін…

003

Ұлттық жерсеріктік желі абонент саны 500 мыңға жетеді

Осыдан үш жыл бұрын, дәлірегі ҚР Президентінің 2013 жылдың 8 қаңтарындағы № 464 Жарлығымен «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның мақсаты ақпаратты қоғамға көшу үшін жағдайлар жасау еді. Басты міндеттері: Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету; Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету; Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру және отандық ақпараттық кеңістікті дамыту, деп көрсетілді. Осы міндеттердің ішіндегі «Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту» үшін нендей шаруалар атқарылуы керек екенін баяндасақ…

Бұл міндеттеме өз ішінен: Мәдениет саласында АКТ-ны дамыту; Отандық БАҚ-тарын жаңғырту; Отандық ақпараттық контент өндірісін ынталандыру; Мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу, сынды төрт тармақтан тұрады.
Жаһандық ақпараттық дәуірдегі қоғамдық қатынастардың өзгеру процесінде ашылатын мүмкіндіктер Қазақстанның тұрақты дамуына қызмет ететін ақпараттық-мәдени ортаны құру үшін пайдаланылу керек. Сонымен қатар, жаңа заман талаптары лайықты жауапқа ие болуы тиіс. Мұнда отандық БАҚ жаңғыруына негізгі рөл жүктеледі.
Отандық БАҚ ашық ақпараттық кеңістікте жұмыс істейді, онда ол аудиторияның назарын аудару үшін шетелдік БАҚ-тармен күресуге мәжбүр. Қазақстан шетелдік медиа-өнімдерді таратуды әкімшілік тұрғыда шектеуге бағытталған шараларды қолданудан саналы түрде бас тартты. Осы бәсекелі күресте табысқа жету үшін, Қазақстан өз медиа нарығының жоспарлы даму жолын таңдады.
Мемлекет отандық БАҚ-тардың техникалық базасын жаңғырту жөнінде жұмыстар жүргізуде. 2010 жылғы желтоқсанда DVB-S2 цифрлық стандарттағы MPEG-4 компрессия форматындағы ұлттық жерсеріктік желісін іске қосу жүзеге асырылды. Астана қаласында мемлекеттік хабар таратушы компаниялардың басты технологиялық алаңына айналған қазіргі заманғы телерадиокешен пайдалануға енгізілді.

2017 жылы отандық 45 телеарна қамтылады

Отандық БАҚ жұмысының сапасын арттырудың нысаналы индикаторлары мынадай:
1) ұлттық жерсеріктік желінің абоненттер саны 2020 жылы — 500 мың абонент;
2) бүкіл ел аумағында қолжетімді отандық телеарналар 2017 жылы — 45;
3) қазақстандық телевизия арналарын тарату географиясы 2017 жылы — 100 шет ел, 2020 жылы — 110 шет ел;
4) Интернетте баспа және электрондық БАҚ ұсынылуын 2017 жылы — 70 %, 2020 жылы — 95 %;
5) Интернет арқылы қолжетімді БАҚ 2017 жылы — 50%, 2020 жылы — 80 %;
6) негізгі ақпараттық қажеттіліктерін отандық БАҚ есебінен қанағаттандыратын тұрғындардың үлесі (әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша) 2017 жылы — 64 %, 2020 жылы — 70 %;
7) мемлекеттік БАҚ-тар тарататын жарнама қаражатының көлемі 2017 жылы — 35 %, 2020 жылы — 50 % (2012 жылға қатысты).

Дәстүрлі БАҚ-ты интернетке шығару

Қазақстан аумағында отандық БАҚ тарату географиясын кеңейту үшін:
1) ұлттық жерсеріктік телехабарларын тарату желісін танымал ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
2) елдің шалғайдағы елді мекендерінде республикалық арналардың көрсетілімін қамтамасыз ету үшін электрондық БАҚ-тың жерсеріктік операторлармен өзара іс-қимыл жасауын кеңейту;
3) мемлекеттік телеарналар мен баспа БАҚ-тың Интернет желісіне онлайн-қатысуын қамтамасыз ету, Интернет нұсқаларын танымал ету бойынша ақпараттық науқан жүргізу;
4) мемлекеттік емес дәстүрлі БАҚ-тардың Интернет желісіне шығуына жағдай жасау, оларға ұтқыр қосымшаларды әзірлеуде қолдау көрсету.

Алтын қордың цифрлық мұрағаты

Отандық БАҚ-ты жаңғыртудың техникалық базасы мыналар
1) телерадио хабарларын тарату желісінің ұлттық эфирін жаңғырту шеңберінде эфирлік цифрлық телевизияны енгізу;
2) «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені төңірегінде өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
3) отандық телеарналардың өнім өндірудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалануы;
4) телевизиялық бағдарламалардың таспасыз өндірісін қолдану бөлігінде мемлекеттік телеарналардың әлеуетін дамыту;
5) «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені негізінде мемлекеттік телеарналардың алтын қорының цифрлық мұрағатын құру бойынша ұсыныстарды енгізу;
6) елдің медиаинфрақұрылымын дамыту.
Баспасөз өзектілігін сақтайды
Ақпарат саласын басқару халықтың барлық санаттарын ескеретін БАҚ аудиториясының объективті өлшемдері нәтижелеріне негізделетін болады. Көрермендер сұранысын талдау нәтижелері бойынша телеарналардың эфирінен рейтингі төмен бағдарламаларды алып тастау жұмыстары жалғасын табуда. Арналардың көрермендер аудиториясын барынша көтеруге жетекші шетелдік аналогтер үлгісі бойынша қайта бағдарламалау қызмет етеді.
Мемлекет мемлекеттік БАҚ-ты басқарудың жаңа тетіктерін белсенді түрде қолданатын болады, оның ішінде мемлекеттік БАҚ-қа стратегиялық жоспарлау талаптарының деңгейін арттыру есебінен жұмыстар жалғасады. Мемлекеттік арналар және газеттердің басшыларымен келісімшарттар, олар көрермендер аудиториясы мен жарнама нарығын ұлғайту, таралымды көбейту, интернет-ресурстардың оқырмандарын арттыру және т.с.с. сияқты түпкілікті нәтижелерге негізделетін болады.
Бағдарламаның қолданысы кезеңінде баспа БАҚ өз өзектілігін сақтап қалады, сондықтан мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсету жұмыстары жүргізіледі. Балалар мен жасөспірімдер аудиториясына бағытталған газеттер мен журналдарды, сондай-ақ олардың тиісті Интернет ресурстарын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
Интернет желісінде орналастырылатын материалдар жаңа медиа форматқа бейімделетін болады. Жарияланымдарға қолжетімділікті арттыру БАҚ нұсқаларын ұтқыр коммуникация құралдарына қолжетімді етеді. Жалпы, барлық негізгі БАҚ-тың Интернетке көшуі жүзеге асырылады және Интернет масс-медиа үшін бірыңғай тұғырнамаға айналатын болады.
Ақпараттың ұдайы өсу ағынында жаһандық желіде контентті дербестендіру бірінші кезектегі мәнге ие болады. Аудиторияның адалдығын қамтамасыз ету үшін БАҚ — Интернет-өнімдерін тақырып және өңірлік жақындықтары бойынша пайдаланушылардың нақты топтарының қызығушылықтарына бейімдейтін болады. Ақпараттық хабарламалар географиялық «оқиғалар картасында» бейнеленуі мүмкін, ал геолокация технологиясы оқырман тұрған өңір туралы хабарламаларға назар аударуға мүмкіндік береді.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *