Ораза артериосклерозды жояды

94506500Биыл ораза 29 күнге жалғасып, 5 шілде күні Ораза айтымен ұласады. Бұл кездері мұсылман қауымының бес парызының бірі — ораза ұстап, Аллаға құлшылықпен өткізген абзал. Ораза ұстау рухани жағынан, әрі денсаулық сақтау үшін пайдасы зор. Ауыз бекітудің пайдалы екендігін медицина мамандары да қуаттайды. Мәселен, ораза ағзаның иммундық жүйесін күшейтеді. Ауыз бекіткен жан тамақтан өзін тыйған соң, семіздік пен оның салдарынан, бауырда тастардың жиналуынан және қуық жолдарында зәр тұздарының түзілуін сақтайды. Сондай-ақ ораза ұстау денедегі жасушаларға тұрып қалатын қатерлі улағыш заттардан қорғап, реттейді.
Жүрекке келсек, жүректің үстінде оған кері әсер ететін үш жақ бар: тамырдың қаттылығы, жүйкенің шаршауы, асқазанға ылғи да қысым түсетіндігі. Ораза ұстаған адам осының үшеуінен де зиян шекпейді.
Есіңізде болсын: үнемі дәрі қабылдап жүретін науқастарға ораза ұстау міндетті емес. Өйткені сіз ауыз бекітемін деп, тұрақты түрде қабылдап жүрген дәрілеріңізді іше алмай қаласыз. Ал, бұл қажетті емді тоқтатып, ауруыңыздың асқынуына әкеліп соғады. Сондықтан, бұл жайтты ескеріңіз.

10-3Лаура ЖАҚСЫБЕКҚЫЗЫ, дәрігер-терапевт:
– Ораза ем ретінде ішек ауруларына, іш қатуға қарсы қолданылады. Оразаның медициналық емдігінің қатарында кейбір тері ауруларының жақсаруы, асқазан мен ішек жұмысына тоқтау салып олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етіледі. Ораза кезінде күндізгі уақыттарда қандағы холлестерин деңгейі төмендейді. Тамырдың жақтауларында бірігіп қалған ескі холлестерин, май қалдықтары бірте-бірте қан айналымына араласып, еріп, қаттылығын жоғалтады. Әсіресе, түстен кейін қан қысымы төмендейтіндіктен, тамырлардағы қысымның азаюы себепті рахат күй кешу, демалу байқалады. Осыдан барып осы күннің ең бір қорқынышты ауруы «артериосклероз» ораза мен дәреттің ортақ әсерімен жойылады.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *