Олар Риоға барады

2016_Summer_Olympics_logo

Осы жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жерлестеріміз төрт жыл бойына дайындалды. Оқу-жаттығу жиынында шеберлігін шыңдап, халықаралық ареналарда жолдама үшін таласты. Енді маусым айына дейін ғана уақыт бар. Тағы бір айдың ішінде Рио олимпиадасына лицензия ойнатылады. Осы күнге дейін Оңтүстіктің 16 саңлағы Риоға жолдама жеңіп алды.

Рио-де Жанейро Олимпиадасына жолдама жеңіп алған спортшылардың тізімі:

жакыпов

Біржан Жақыпов — 1984 жылы дүниеге келген боксшы АИБА про боксинг жобасы бойынша үздік саналып, аспан асты елінде жолдамаға ие болды. Бапкері: Мырзағали Айтжанов

Ералиев Кайрат 1

Қайрат Ералиев — бокстан Азия және тынық мұхит елдерінің Олимпиадалық біліктілік турнирінде алғашқы үштікті қорытындылады. 1990 жылы дүниеге келген. Бапкері: М. Айтжанов


Жаппаркул

Жазира Жаппарқұл — 1993 жылы дүниеге келген. Ауыр атлетші Хьюстонда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері болып, лицензияға қол жеткізді. Бапкері: С.Ню.

 
Аширбаева 8

Сабина Әшірбаева — Көркем гимнастикадан ел тарихында 17 жасында Олимпиадаға жолдама жеңіп алған спортшы. Ол Рио-де-Жанейрода өткен лицензиялық турнирде нормативті орындады. Бапкері: Ә. Юсупова.

Александр Емельянов

Александр Емельянов — Байдаркамен каноэда ескек есу спорт түрінен Италияда 1000 м жарысып, екінші орыннан көрінген. Жолдама иесі 1984 жылы дүниеге келген. Бапкері: Ольга Подойникова

Даулет Сұлтанбеков

Даулет Сұлтанбеков — 1994 жылы дүниеге келген. Ескек есуден өткен Әлем чемпионатында К-4 қайығында 1000 метрге жарыста күмістен алқа тағып, лицензия иегері атанды. Бапкері: Денис Жарменов

Сергеева Наталья

Наталья Сергеева — Денис Жарменовтың шәкірті Азия чемпионатында К-2 қайығында 500 м сынға түсіп, екінші орыннан көрінеді. Нәтижесінде 1976 жылы дүниеге келген ескекші Риоға жолдама жеңіп алады.

Ирина Подойникова

Ирина Подойникова — Сергей Подойниковтың шәкірті. 1989 жылы дүниеге келген спортшы К-2 қайығында Азияның күміс медаль иесі атанып, жолдамаға ие болды.

Евгений Алексеев 1

Евгений Алексеев — Палембангта өткен Азия чемпионатының жеңімпазы болып, жолдаманы қоржынына салды. 1976 жылы дүниеге келген спортшының бапкері Денис Жарменов

Тимур Хайдаров

Тимур Хайдаров — Құрамадағы ең жас ескекші. Жасы 20. Ескек есуде ол Азия чемпионы атанып, алғаш рет Олимпиадаға жол тартпақ. Бапкері: Сергей Емельянов.

FORT BENNING - MAY 18: Gold medalist Yuriy YURKOV of Kazakhstan competes in the 50m Rifle 3 Positions Men Finals at the Shooting Range of the United States Army Marksmanship Unit during Day 6 of the ISSF World Cup Rifle/Pistol on May 18, 2015 in Fort Benning, Georgia, United States of America. (Photo by Nicolo Zangirolami)

Юрий Юрков — оқ ату спорт түрінен Әлем Кубогінің екінші кезеңінде жеңімпаз атанып, жолдамаға ие болған. 1983 жылы дүниеге келген. Бапкері: Сайдулла Юнусметов

Елизавета Король1

Елизавета Король — оқ атудан Әлем Кубогінің екінші кезеңінде 8-орыннан көрініп, жолдамаға ие болған, 1994 жылы дүниеге келген, Бапкері: Сайдулла Юнусметов

Рашид юнусметов1

Рашид Юнусметов — оқ атудан Әзірбайжанда өткен Әлем Кубогінің үшінші кезеңінде 5 орыннан көрініп, жолдамаға ие болған. 1979 жылы дүниеге келген. Бапкері: Сайдулла Юнусметов

Сайдиева Луиза

Луиза Сайдиева — садақ атудан құрлық біріншілігінде мергендік танытып, қоладан алқа тақты. Нәтижесінде жолдамаға ие болды. Жасы 22. Бапкері: Г. Ким

Пермаммад Алиев - 19 жасар жерлесіміз батутта секіруден Бразилияда өткен жарыста нормативті орындап, Әлемдік рейтингте алғашқы үздік 16 спортшының қатарынан көрінді.

Пермаммад Алиев — 19 жасар жерлесіміз батутта секіруден Бразилияда өткен жарыста нормативті орындап, Әлемдік рейтингте алғашқы үздік 16 спортшының қатарынан көрінді.

Рыкова 1 001

Регина Рыкова — жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында күмістен алқа тағып, жолдамаға ие болды. Жасы 24. Бапкері: Н. Саляхова


Енді жерлестеріміз дзюдошы Отгонцецег Галбадрах, грек-рим күресінен Магомед Чухалов пен Әлімхан Сыздықов, еркін күрестен Әлментай Бақдаулет және жас палуанымыз Дидар Хамзаға да үміт артып отыр. Сонымен қатар, қабырғаға атудан Мария Дмитриенко, жеңіл атлетикадан Евгений Пискун мен Александр Боднер де жолдама алып қалуы мүмкін. Әйелдер арасындағы бокста Жайна Шекербекованың жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Ауыр атлетші Надежда Ноғай да бапкер сенімін ақтайды деген үміт басым. Қазір Олимпиада рейтингінде Отгонцецег пен Мария көш бастап отыр. Ол дегеніміз тағы екі лицензия облыс қоржынына жақын күндері салынады.
Мәселен, жуырда ғана Біржан Жақыпов Сербияда өткен халықаралық жарыста алтын олжалады. Ол да болса Біржан биыл қоржынымызға жүлде салар деген сенім ұялатады. Жас гимнасшы Сабина Әшірбаева да байрақты додаға дейін Әлем Кубогі үшін таластың үш бірдей кезеңінде өнерін шыңдай түседі. Ел тарихында алғаш рет оңтүстіктің 6 ескекшісі Риода сынға түседі. Олар да жақын күндері Германияға жол тартады. Әлемдік аренада дайындығын пысықтайды. Мергендеріміз де жаттығуын күшейткен. Ал Рио-де Жанейро қаласында жалауы көтерілетін Олимпиада ойындары 5 тамызда басталады. Ел құрамасында Оңтүстіктен аттанатын мықтыларымыз Көк байрағымызды көкке көтеріп, әнұранымызды әуелетеді, деп сенеміз.

Әлияның ізбасары Сабина

Аширбаева 10Шымкенттік гимнасшы Сабина Әшірбаева 2014 жылы Азия ойындарында қоладан алқа таққан кезінде-ақ отандық гимнастиканың тарихында атын қалдырған болатын. Енді жерлесіміз Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған ең жас көркем гимнасшы атағына ие болды. Сабина 2010 жылдан бері Ұлттық құрама сапында шеберлігін шыңдап келеді.
Ол МТ Luxembuorg Cup 2015 жарысында алтыннан алқа тағып, халықаралық аренада ел намысын қорғауға дайын екенін дәлелдеген де болатын. Араға бір жылды тастап,ол өзінің басты мақсатына қол жеткізді. Жуырда ғана ол Бразилияда өткен лицензиялық сынақта нормативті орындай білді. Енді, құрлықтың абсолютті чемпионы Әлия Юсупованың шәкірті Сабина 17 жасында Олимпті бағындыруды көздеп отыр. Енді ол төрт жылдықтың ең үлкен жарысына дайындығын бастайды. Рио-де Жанейроға жол тартқанға дейін Сабина Ташкентте өтетін Азия чемпионатында және үш бірдей Әлем Кубогі үшін таласта дайындығын пысықтауға мүмкіндігі бар.

Әлия Юсупова, көркем гимнастикадан ҚР Ұлттық құраманың
бас бапкері

Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алудың өзі оңай болмады. Дегенмен, қуанышымызға орай, бұл мақсатқа қол жеткізе алдық. Әрине, Сабинаға жүлде жеңіп ал деп нақты жоспар қойып отырған жоқпыз. Өйткен, ол әлі ертерек. Дегенмен, бақ шабады ма әлде бап шабады ма, дейді. Бастысы шеберлігін шыңдау қажет.

Сарбиназ Алдабергенова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *