Облыс өнерпаздары Астана аспанын әнге бөледі

Облыс өнерпаздары Астана аспанын әнге бөледі

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Астана қаласында кең ауқымдағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Торқалы тойға күнгейлік 150-ден астам өнерпаздар өз үлестерін қосып қайтты. Салтанатты шараға облыстағы өнер майталмандары бірнеше бағдарламамен аттанған болатын.

Мәселен, бас қаладағы «Қазақ елі» алаңында орналасқан этноауыл қалашығында Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің мерекелік бағдарламалары және «Атамекеннің терең тарихи сырлары» атты көрмесі өтті. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ежелден дәстүрге бай өңірдің көне ортағасырлық Отырар, Түркістан, Сидақ, Ордабасы, Мәртөбе, Сауран, Сайрам, Шымкент сынды шаһарлары, Қаратау мен Алатаудай таулары, Созақ пен Қазығұрттай сырға толы жазиралы далалары, Мырзашөл мен Қызылқұмдай берекелі құмдары, Сырдария мен Арыс сияқты өзен сулары жиналған жұртшылықтың көз қуанышына айналды. Қылқалам және қолөнер шеберлерінің Қазақ тарихы мен Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған туындылары да көпшілікті бей-жай қалдырмады.Сонымен қатар, зергерлік, былғары, ағаш, керамикалық басқа да ұлттық бұйымдар жасау, жүн түту, алаша, кілем тоқу, ұлттық киім және қыз жасауын тігу бойынша шеберлік дәрістер ұйымдастырылды. Ал, «Тәуелсіздік» сарайының алдындағы сахнада да «Түркістан – көне қала» бейнефильмі көрсетілді. Мұнан соң, облысымыздан барған оғландардың бұқа тартыс, арқан тартыс, асық ату, қой көтеру, тоғызқұмалақ, қол күрес сынды спорттық жарыстарда топ жарып жатқандарына куә болысты. Жалпы, үш күнге созылған той-думанда Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мен мерекелік концерттер де ұйымдастырылып, келген қонақтарды жақсы көңіл-күйге бөледі.

Облыс өнерпаздары Астана аспанын әнге бөледі

Биыл еліміздің бүкіл аймақтарында қазақ хандығына орайластырылған мерейтойлардың жоғары деңгейде өтуі үшін іс-шараларға қазынадан шамамен 23 млрд. теңге жұмсалғалы отыр. Қашанда игі істің басы-қасында жүруде алдына жан салмайтын Оңтүстік өңірі де «Түркістан» сарайында өздері тарапынан тойлап өтті.

Лаура Сапарбекова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *