Оңтүстіктің туған күні

Logo_Akimat10 наурыз — Оңтүстік Қазақстан облысының құрылған күні. Мұрағаттағы құжаттар осылай деп сөйлейді. Дәлірегі, 1932 жылдың 10 наурызында Оңтүстік облысы құрылып, орталығы Шымкент қаласы болып бекітілген. ОҚО мемлекеттік мұрағат қызметкерлері құнды қағаздың әлі күнге дейін сақталғанын, әрі жыл сайын тың деректермен толығып отырғанын айтады. Мұрағаттағы ескі құжаттарды біз де ақтарып көрдік. Қолмен ұстап, жан-тәнімізбен сезініп қайттық.

2015-12-13_19-49-14_1_880x0_6deАдамзатқа ерте заманнан қоныс болған Оңтүстік — тамыры терең тарихи өлке. Ықылым заманды былай қой­ғанда, берісінде Ұлы Жібек жолы қиып өте­тін бұл өңір экономиканың да, мәде­ниет­тің де мәйегіне ерте бойлаған. Облыс 1932 жылы құрылған.
Өлкеміздің өткені – мұрағатта қаттаулы
Мұрағаттың ұқыпты сөрелерінен облыстың алғашқы маңызды құжатын тауып, арнайы таныстық. Мұнда «Қазақстан аумағында құрылған 6 облыстың бірі – Оңтүстік Қа­зақ­стан» деп жазылған. Құрамына жиырмаға жуық аудан-қала берілген. Бұл құрам 1936 жылы қайта жаңартылып, Қызылорда, Жамбыл облыстарына тиесілі аудандар еншісін алып шыққан. Мұның барлығы арнайы бұйрыққа түсіп, мұрағатта сақталған.
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан — республиканың ең ірі аймақтарының бірі, жер көлемі — 117,3 мың шаршы шақырымды құрайды. Ал, халқының саны шамамен 2 млн
872 мыңға таяп қалған. Арада 84 жыл өтсе де өңірдің орталығы өзгерген емес. Тек шекарасы ұлғайып, тағы 40 елді мекенмен толыққан. Оның барлығы тарих бетінде алтын әріппен жазылып, мұрағатта сақтаулы.
Ал, өңірдің өткеніне қызыққан әрбір азамат бұл құжаттармен жақынырақ таныса алады. Ол үшін басқарма басшысынан рұқсат алып, оқу залына виза аштырады.

Әрбір құжат – алтыннан қымбат

сканирование0034

1939 жылғы санақ бойынша ОҚО-дағы халық саны: 957 629 адам. Оның ішінде: қала тұрғыны – 261 548 адам ауыл тұрғыны – 696 281 адам

1

Енді 1917 жылдан бастап, бүгінгі таңға дейінгі түрлі құжаттар жиналған мұрағаттың тыныс тіршілігіне тоқталайық. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатында штаттық кесте бойынша 55 маман қызмет атқарады.

Мұрағатта 6 бөлім бар: Біріншісі, Құжаттарды есепке алу және сақта-луын қамта-масыз ету бөлімінде мемлекеттік сақтауға құжаттар алдын ала реттеліп, ғылыми-анықтамалық аппараты түзілгеннен кейін қабылданады. Құжаттарды қабылдау кезінде әрбір құнды қағаздың физикалық, санитарлық-гигиеналық, техникалық жай-күйі тексеріледі. Істі қабылдау тізімдеменің әрбір данасына мұрағатқа қабылданғаны туралы белгі қойылғаннан кейін, өзге операциялар жүзеге асады. Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мемлекеттік сақтауға Сараптау тексеру комиссиясы бекіткен істердің тізімдемесі негізінде қабылданады. Оның да өзіндік ережесі бар. Құжаттарды қабылдау кезінде екі дана қабылдау-тапсыру актісі толтырылады, оның біреуі мекемеге берілсе, екінші данасы мұрағатқа тапсырылады. Құжаттарды мұрағат қоймаларынан жедел іздестіруді қамтамасыз ету үшін әр қоймада топографиялық карточкалары енгізілген және құжаттар сала бойынша жүйелеп орналастырылған.

Екіншісі, Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын жинақтау бөлімінде аса құнды құжаттар топтастырылған.
Үшіншісі, Ақпараттық-әдістемелік бөлімі мұнда жеке тектік мұрағат қорлары жинақталады. Бұл қорлардың тарихи деректік, әсіресе, әдебиет, ғылым және мәдениет тарихын және жеке тектік тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметі мен өмір жолын зерттеуде маңызы зор. Әлеуетті жеке тектік қор иелерімен жұмыс барысында мұрағатшы қор иесінің өмірбаяндық, шығармашылық, қоғамдық өмірі жайлы құжаттарды жинақтайды. Мұрағатқа келуші ғылыми ізденушілердің басым бөлігі осы бөлімнің қызметіне көптеп жүгінеді. Айта өтейік, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатында 15 жеке тектік қор жинақталған. Мысалы, «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және техникалық ғылым қайраткерлері» топтамасында Оңтүстікке өнерімен танымал Ақсақал Қалмырзаұлы, Айша Абдуллина, Құпия Рахымбердиева және Игорь Вербицкийдің жеке құжаттары мен фотолары жинақталған.
Төртіншісі, Мұрағаттық технологиялар бөлімі халыққа тікелей қызмет етеді. Мұнда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына қажетті үлкен көлемдегі қағаз құжаттардың сақталуын және қолданылуын қамтамасыз етеді. 1 253 қор, 438 297 сақтау бірлігіндегі мұрағаттық құжаттар мемлекеттік сақтауға алынған. Жыл өткен сайын құжаттар саны арта түсуде. Бөлім қызметкерлері құжаттарды электрондық жүйеге сақтау әдісіне келгенде көптеген кедергілерге тап болады екен. Десе де, 2013 жылдың қазанынан бастап, 266 мұрағаттық іс, 42 мың парақ сканерленіп, электронды нұсқаға көшіріп үлгерген. Жыл сайын түсетін жаңа құжаттарды орта есеппен есептегенде барлық мұрағатты электронды форматқа ауыстыру үшін шамамен 300 жылдай уақыт кететінін де анықтап қойыпты. Құжаттарды электронды нұсқаға ауыстыруды тездету үшін ең алдымен бөлімдегі штат санын көбейту мәселесін шешіп алған жөн. Сондай-ақ, қосымша құрылғыларды сатып алу, қызметкерлердің жағдайын жақсарту, айлық жалақысын көтеру, жұмысқа деген құлшынысын арттыру, зиянды жұмыс жағдайына байланысты төлем ақы төлеу сияқты мәселелер тағы бар.
Бесіншісі, Құжаттарды пайдалану және жарыққа шығару бөлімінің атқарар қызметі де орасан. Бөлімде Оңтүстік Қазақстан облысының және жалпы қазақ хандығының тарихына қатысты жинақталған құжаттар толықтырылып отырылады. Бұл құжаттар аумағы Түркістан өлкесі Сырдария облысының құрамына кірген, қазақ халқының және қазақ хандығының тарихын шынайы түрде зерттеп тануда тарихи, ғылыми, мәдени маңызға ие. Анықталып алынған құжаттар негізінде «Өзбекстан Республикасы мұрағаттары мен кітапханаларындағы қолжазбалар мен баспа басылымдары тізбесі» жасалынып, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының қарауына ұсынылып, мемлекеттік сақтауға қабылданған. Бүгінгі таңда шетел мұрағаттарынан жинақталған құжаттардан жалпы саны 5 қор, оның ішінде 1225 құжат әкелініпті. Олардың легі облыстағы ғалымдар мен зерттеушілерге үлкен көмек болып отыр.
Алтыншысы, Сұранымдарды орындау жөніндегі бөлімде күнгейліктер көптеп қолданатын құжаттардың басым бөлігі жинақталған. Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау барысында құжаттар белсенді пайдаланылады. Әсіресе, «Ана Даңқы» орденінің 2 дәрежесімен марапатталғандарға төленетін әлеуметтік жәрдемақыға байланысты, эвакуацияда болғанын, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталғанын дәлелдейтін құжаттар көп көтеріледі. Сонымен бірге, облыстағы кәсіпорындарында жұмыс өтілі туралы айлық жалақысын дәлелдеп беруін сұраған әлеуметтік-құқықтық сұраныстарға да осы бөлімде қызмет көрсетіледі.

Флюра

Флюра Бекташова

Флюра Бекташова,
ОҚО мемлекеттік мұрағатының қойма меңгерушісі:
— Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне тиесілі құжаттардың барлығы осы бөлімде сақталған. Алды 1917 жылдан бастап, осы күнге дейінгі басшылардың бұйрықтары, ұйғарымдары мен түрлі жиындарының хаттамасы да бар. Оларды күтіп ұстау үшін барлық жағдай жасалған. Жыл өткен сайын құжаттар құнды саналады.

Халима

Халима Кешкинбаева

Халима Кешкинбаева, ОҚО мемлекеттік мұрағаты оқу залының меңгерушісі:
— Біздің визаны алған ізденуші арнайы ережелерге бағынады. Өзіне қажетті құжатты арнайы картотекадан тауып, бір күнде жиырмаға жуық құжатпен жұмыс жасай алады. Оқу залы тек сенбі, жексенбі күндері ғана жұмыс істемейді. Қалған күндері ізденушілердің сұранысын қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Бірақ, соңғы уақытта ғылыми ізденушілердің қатары азайып кетті. Тағы қоса кетейін, біздің мұрағат жаңа құжаттармен толығып отырады. Шетелдерге көптеп шығып, елімізге қатысты құжаттарды көшіріп аламыз. Сондай-ақ, Орынбор, Ташкент, Омск елдерінде білім алған ақын-жазушылардың өміріне қатысты құжаттарды да көптеп жинап жатырмыз.

2016 жылдың наурызындағыесеп бойынша ОҚО халық саны 2 млн 872 мың адам.

Ардақ Жақсылықова

 

ОҚО мемлекеттік мұрағатының мекенжайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі,№20, 

21-29-38, 53-94-50

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *