Оңтүстікте «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау жүргізілді

 «Үміт» қоғамдық бірлестігімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы департаменті тарапынан 2017 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында облыс көлемінде «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау» іс-шарасы жүргізілді.

Аталған іс-шара мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметті алушыларға жағдайлар жасау, қоғам тарапынан қадағалауды күшейтуге бағытталған.

Іш-шараны жүргізу барысында мемлекеттік қызметті берушілер тарапынан бірқатар кемшіліктердің жіберілгендігі анықталды.

Атап айтқанда, «Жасырын тұтынушы» әдісі облысымыздағы білім, денсаулық, ішкі істер, мемлекеттік кірістер, кеден салаларында мемлекеттік қызмет көрсететін
65 мекемеде жүргізіліп, 67 кемшілік анықталды.

Оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттарды толық және түсінікті етіп берілмеуі, қызмет көрсетуде анық және нақты ақпараттардың болмауы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустардың стандарт талаптарына сәйкес келмеуі, қызмет алушы мен қызмет берушілер арасында делдалдардың болуы, қызмет алушылар үшін жағдайлардың болмауы, күту залының тарлығы, күтушілер үшін орындықтардың жетіспеуі, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандардың біліктілігінің төмендігі және т.б кемшіліктер орын алулары анықталды.

Орын алған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге 48 ұсынымы бар хаттар жолданды және 12 түсіндірме семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, нәтижесінде кемшіліктер қалпына келтірілді.

Аталған кемшіліктер көзге көрінбегенімен, оның аяғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеп соқтыратыны белгілі.

Осы тұста, аталған кемшіліктерді болдырмау және алдын алу шараларын жүргізу үшін осындай қоғамдық бақылауларды тұрақты және сапалы жүргізу қажет деп санаймын.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету барысында Сіздің құқығыңыз бұзылған болса Қазақстан Республмкасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы департаментіне (Шымкент қаласы Тауке-хан даңғылы №3 үй, байланыс телефоны 515151, 536329) шағымдана алатындарыңызға болады.

ДАРХАН СУРТЕКОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің

ОҚО департаментінің мемлекеттік көрсетілетін

қызметтер басқармасының бас маманы 

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *