Оқырман «Оңтүстік Рабатқа» келді

14«Отырар» медиахолдингі әр жылы дәстүрлі түрде өткізетін «Ашық есік күнін» тағатсыздана күтетін оқырмандарымыз таңғы сағат 8-ден бастап жиналды. Ғимарат есігінің ашылуын тосқандардың қарасы едәуір көп болды. Бұл асыға күткен іс-шара жыл сайын «Оңтүстік Рабат», «Рабат» басылымдарына жазылу науқанына орай ұйымдастырылады.

Аталмыш науқанға үзбей қатысатын әрі алғашқылардың бірі болып жазылатын оқырмандарымыз да аз емес. Осындай аса құрметті оқырманымыздың бірі
14-8– Күлімша Қабылбекова бұл жолы да белсенділік танытты. Газеттің алғашқы саны шыққаннан бері тұрақты оқырманы болып келген қонағымыз, әлі күнге дейін «Оңтүстік Рабат» газетін басқа басылымдарға айырбастаған емес. Сонымен қатар, газетте тұрмыстық және мәдени дүниелер қамтылғандықтан, үйдегі немерелеріне де оқуға кеңес береді екен. Газеттің өзіндік қызметіне, мәліметтер жеткізуіне де көңіл толмаған кезі болмағанын да жасырмай, ақпараттар легі жаңарып отыратындығына қуанатынын айтты. Соның ішінде халықтың жағдайына үңіліп, ондағы әлеуметтік мәселелерді көтеруіне басымдық беретіндігіне дән риза. Әсіресе, газет беттерінде қуғын-сүргін құрбандары жайлы жарияланған мақалалар көңілінен шығады екен. Осылайша, ұжымның қызметіне жоғары баға берген қонағымыз сый-сияпатсыз қайтпады. Айталық, жазылушыларға арнайы ұтыс ойындары жүргізілді. Мұнымен қоса ұжым тарапынан жазылушыларға барынша қолайлы жағдайлар қарастырылып, тиісті сала мамандарынан толғандырған сауалдарға жауап алды. Мәселен, әдетте ақылы жүргізілетін медициналық қызметтер «Айнұр» атты клиниканың көмегімен тегін ұсынылды. Сондай-ақ, тұрғындар «RBK Bank» АҚ Шымкент қаласындағы филиалы және «Сбербанк Россия» АҚ еншілес банкінің Шымкент қаласындағы филиалы мамандарынан тиімді қызметтер жөнінде кеңестерге құлақ түрсе, ХҚКО орталығының қызметкері көкейдегі мәселелерді шешуге жол сілтеді. Ал, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Оңтүстік Рабат» газетінің жазылушыларының жағдайымен танысып, мәселелердің оңтайлы шешімін табуға кірісті. Редакция ұжымы заңгермен тілдесу мүмікіндігін де қарастырған. Сонымен қатар, медиахолдинг ғимаратының ауласында кішігірім жәрмеңке өтті. Онда «Зерде-фито» шайы жиылған халыққа жылы шыраймен пайдалы дәрумендерге толы шайын таратты. Сонымен қоса, «Swed kaz», «Балмұздақ», «Ладушки», «Tian de», «Еламед» компанияларының өнімдері де үйлестірілді. Осылайша, жәрмеңке шеңберінде төмен бағада сатылған азық-түліктер тұрғындардың көңілінен шығып, мәз-мейрам болып тарқасып жатты. Осы ретте сый-құрметке ие оқырмандар қауымы редакция ұжымымен көзбе-көз тілдесіп, газеттіміз жайлы жағымды ойларымен бөлісті. Халық пен газет ұжымы өзара тағы да бір табан жақындай түсті.

14-3Шарапат Қожахметқызы
Қалалық ардагер-әжелер алқасының төрайымы:
– Бүгінгі «Оңтүстік Рабат» ұйымдастырған жазылу жиынына бір топ әжелер болып келдік. Бұл газетті аса маңыз беріп бағалаймын. Отбасымызбен сүйіп оқимыз. Сондай-ақ, басылымның әр айдарының өз оқырманы бар. Айталық, жастарға арналған беті немерелерім үшін қызықты болса, экономикалық немесе заңдық өзгерістер қарастырылған мәліметтерді ұлым үзбей оқиды. Мен халық адамы болғандықтан, әр бетін оқуды өзіме міндеттеймін. Газеттегі зейнетақы және жәрдемақы, ауыл, білімге және басқа да қоғамдағы мәселелерге қатысты жаңалықтарды жібермеймін. Бүгінгі жазылушыларға орай ұйымдастырылған күн де пайдалы дүниеге толы болды. Лотерея ойнап, олжалы болдым. Көптеген білікті сала мамандарының ақыл-кеңесіне жүгіндім. Өткізілген жәрмеңкеге де қатыстым. Осы жәрмеңкені, жалпы Ашық есік күнін ұйымдастырған редакция ұжымына алғысым шексіз!

 

 
Н14-2ұржан Абдиллаев,
Шымкент қаласының тұрғыны:
– «Оңтүстік Рабат» газетінің жазылу күніне биыл алғаш келуім. Әр жылы «ашық есік күніне» келуге мүмкіндігім болмай, жіберіп алатынмын. Содан, әдеттегідей апта сайын дүңгіршектерден іздеп жүрдім. Бүгін арнайы уақыт бөліп, екінші жартыжылдыққа жазылдым. Назар салып қарағаным, шара өте қызықты әрі пайдалы дүниелер көп. Сый-сияпаттан да құр алақан қалған жоқпын. Басылымдағы мақалаларға қызығушылығым барған сайын артып барады. Тілшілер де жан-жақтылықты көрсетіп келеді. Тың мәліметтермен таныстырып, халықтық дүниелерді өз деңгейінде сараптай біледі. Атап айтсам, заңға еңгізілген жаңартулар мен білім көкжиегіндегі мәселелермен хабардар етіп отырады. Ал, бүгінгі екі тарапты жақындата түскен күнге ерекше алғыс айтамын. Мардымды да құнды ақпарат көзі болып табылатын басылымның сұранысы көбейе берсін демекпін.

 

 

14-1Шырынкүл Есқараева
Шымкент қаласының тұрғыны:

– Газеттің жазылу күніне өз үлесімізді қосайық деп келдік. Бізді, яғни оқырмандарды жақсы ілтипатпен қарсы алғандарына өте қуаныштымыз. Медициналық тексеруден өтіп, оған да қуанып қалдық. Және де осындай іс-шараның дәл Ораза айына түскеніне масаттанып отырмын. Бүгінде халықтың көзі әрі құлағы да атанып үлгерген басылым ұжымының жұмысын аса жоғары бағалаймын. Сондықтан да, газет ұжымына алғыс жаудыра отырып, өсе берсін, өркендей берсін деген ақ тілегімді жолдаймын. Хирургиялық жолмен емдеу тәсілдерін меңгеріп жатырмыз. Тоқ ішегі жоқ 1.5 айлық қозыға ота жасап жатырмыз.

АЛҒЫС АЙТАМЫЗ!!!

«Жазылушылар күнінде» қолдау көрсеткен компаниялар:

«Жазылушылар күнінде» қолдау көрсеткен компаниялар:

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *