ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайына – 15 жыл

muzej-%d2%93imaraty-10ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы – ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай 2001 жылы ашылған болатын. Ашылу салтанатына Елбасы қатысып, қызыл лентасын өзі қиған. Алғашында облыстық музейдің филиалы болып ашылған мұражайдың қор бөлімінде 7000-ға жуық жәдігер болған. Уақыт өте келе мұражай қызметкерлерінің ізденісі және қуғын-сүргін құрбандары туыстарының көмегімен жәдігерлер саны артты. Қазір мұндағы құжат саны 16 мыңға жетіп, жыл басынан бері 16 саяси қуғын-сүргін құрбанына қатысты құжаттармен толықты.

Республикамызда алғаш жаппай қуғын-сүргін құрбандарына арналып ашылған бұл мұражай – мемлекетіміз бен қоғамымызда әділеттікті қалпына келтірудегі және өткен ғасырдағы қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдырудағы қамқорлығының айқын дәлелі.

Мұражай мұрағаты уақыт өткен сайын толығып отырады.

ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері А. Найманбай сәулетін сызып, дизайнын жасаған мұражайдың екі залы бар: экспозициялық зал және екінші қабатта орналасқан «Тағзым» залы.

repressiya-m%d2%afsini-10Мұражай экспозициясының түп қазығы «Репрессия» деп аталатын синтездік формадағы мүсіндер композициясы орнатылған.
Экспозицияның орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандары, қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, М.Тынышбаев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, Н. Төреқұлов, С.Мендешов, С. Садуақасов, С. Асфендияров, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин, І. Жансүгүров, Б. Майлин, Ш. Құдайбердиев, Қ. Жұбанов, Ж. Шанин, О. Жандосовтарға арналған портреттер галереясы орналасқан.

ta%d2%93zym-zaly-3

Экспонаттардан Қазақстан тарихының азалы қара түнек беттерін көруге болады.

Мұнда:

Қазақстанға Голощекин орнатқан «Кіші қазан» идеясының сорақы сұмдықтары;
Созақ шаруаларының көтерілісі;
3 миллионнан астам халқымыздан айырған ашаршылық нәубеті;
1 миллионнан астам қазақтың жан сауғалап Қытай, Ауғанстан, Иранға шетел асып кетуі;
Сталиннің жеке басына табынудан туындаған 30-жылдардағы 25 мың қазақстандық, 2500 оңтүстікқазақстандықтың өмірін оққа байлаған тоталитарлық тәртіптің қуғын-сүргін зұлматы;
Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарымыздың «Алжир» мен «Карлаг» (Ақмоладағы отанын сатқандардың әйелдерінің лагері) тұтқында болған адал жарларының қиын тағдыры;

1986 жылы желтоқсан Қазақстанның дербес мемлекет болуы үшін шыққан жас-тар көтерілісі. 1986 жылдың желтоқсан көтерілісіне қатысқан, құрбан болған қазақ жастарына арналған экспозицияда мұрағат деректері, ақталған жөнінде анықтамалар және суреттер мен құжаттар қойылған.

 

Мұражайдың «Тағзым» залында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша отызыншы жылдары атылған 2500 адамның тізімі жазылған ескерткіш тақта қойылған. Ал, мұражайдың Түркістан қаласындағы филиалында Нәзір Төреқұловтың пайдаланған заттары яғни жұмыс үстелі, жұмыс орындығы, сия сауы-ты және өз қолымен салған суреттері бар.

Гүлмира Серікбаева, мұражай директорының орынбасары:
– Мұражайымызға жылына 15 мыңдай адам келеді. Алаш зиялыларының ұрпақтары, атап айтқанда Ахмет Байтұрсыновтың немересі Айман Байсалова, Ілияс Жансүгіровтың ұлы Саят, қызы Ильфа Жансүгірова, Мұхамеджан Тынышпаевтың ұлы Даулет-Шейх Тынышпаев, Ұзақбай Құлымбетовтың қызы Кабира Карабалина, Жұмат Шаниннің немересі Болат Шанин, Қазмұхамед Күлетовтың қызы Райхан Күлетова, Тәңірберген Отарбаевтың қызы Ұлжан Отарбаева, Әзімхан Кенесариннің қызы Раушан Кенесарина, Сейілханова Балайым апаның қызы Күнсұлу т.б. келіп тұрады. Қала тұрғындары, мектеп оқушылары мен студенттер және шет елден келген қонақтар жиі бас сұғады.

Дайындаған –  Жанерке ХУМАР

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *