ОҚО бюджеті — 602 млрд теңге

2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау бойынша облыстық бюджеттің көлемі республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің есебінен 484,5 млн теңгеге ұлғайды.

Жұқпалы аурулар, созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі бар науқастарды емдеу тәсіліне өзгерістер енгізілуіне байланысты дәрімен қамтамасыз ету үшін, халықтың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен, балаларға арналған емдік тағамдардың арнаулы өнімдерімен қамтамасыз етуге қосымша 66,5 млн теңге бағытталды.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеуге 178,2 млн теңге инвестициялық субсидия берілді.
Электрмен қамтамасыз ету саласын дамыту бойынша 3 нысанның құрылысына қосымша 450,6 млн теңге бөлінді.

Газбен қамтамасыз ету бойынша 1 нысанның құрылысына қосымша 450,6 млн теңге бөлінді.

Облыстың 2017 жылға арналған бюджеті 602 млрд теңге болды.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *