Нан бағасы еркін айналымға жіберіледі

Қарапайым тұрғындарды әлбетте азық-түлік бағасы алаңдатады. Жұрт доллардың қымбаттауымен ілесе жүретін тұтыну тауарлары құнының күн санап өсіп бара жатқанына ашулы. Сонымен қатар, нан бағасына қатысты алып-қашпа әңгімелер де ойды сан-саққа жүгіртіп отыр.

Нан бағасы  еркін айналымға жіберіледіОсы орайда еліміздің ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков нан бағасы халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы үшін ғана арзандатылатынын мәлімдеді. Яғни, бұл әрекет мемлекет шығынын 1,5 млрд теңгеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді екен.

«Жыл сайын үкімет соңғы 5-6 жылда 600 грамдық бірінші сұрыпты нан бағасын төмендету үшін шамамен 7-8 млрд теңгені бөліп отырды. Кейбір жылдары бұл сан 12-15 млрд теңгеге жететін. Бір жарым жыл бұрын субсидия нормативін қысқарту жөнінде шешімі қабылданды. Нан бағасы нарықтық бағаға жақындауы керек, яғни, оны реттемеу қажет», – деді Асылжан Мамытбеков.

Министрдің айтуынша, мұндай шешімнің қабылдануы нан бағасын халықтың барлық санаты үшін субсидиялау мемлекетке тым қымбатқа түссе керек. Бай адамдардың нанды арзан бағамен сатып алуы әділетсіз, – дейді министр. Сонымен қатар, ол арзандатылған ұнның нарыққа шығарылып жатқанын да ашып айтты.

Сондай-ақ, нанның әлеуметтік бағасы 1 келі ұнның көтерме бағасымен теңестірілетін болады. Бұл жөнінде “Елордалық нан-сауда” ЖШС директоры Әбдірахым Төлендиев сөз еткен еді. Оның айтуынша, нанды ұннан арзан сату тиімсіз болатыны белгілі. Сондықтан кәсіпкер шығынға батпаудың жолын іздеп, сұрыптамаға басты назар аударатын болды. Мәселен, дүкенде 1 келі ұн 130 теңге тұрады, ал оны көтерме бағамен 65-75 теңгеге сатып алуға тура келеді. Осыған байланысты нан 80-90 теңгемен сатылатын болады. Сонымен қатар, ауылшаруашылығының вице-министрі Сапархан Омаров нанды кесілген түрде сатылымға шығару керектігін ұсынды. Вице-министрдің пікірінше, бүтін нанға қарағанда, кесілген түрі ысырапсыз тұтынылатын көрінеді.

Лаура Сапарбекова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *