Нұрқабыл Қозыбай болжайды

Ауа райы – адамдардың тұрмысы мен тіршілік тірегі болған шаруашылығы үшін маңызы зор. Дүние жүзіндегі климаттың өзгеруі бізге де әсер етті. Биыл қыс жылы болып, көктем ерте шықты. Осы ретте танымал жұлдызшы Нұрқабыл Қозыбайдың пікірін сұрап білдік. 

Нұүрқабыл Қозыбай

Нұрқабыл Қозыбай, болжамшы:

Оның сөзінше, былтыр жаз ыстық болды. Сол себепті жұрттың бәрі қыс суық болады деп ойлады. Алайда, олай болмады. 2015 жылдың жазы ыстық болғанымен — қой жылы еді. Айтуынша, қой жылы қыс қатты болмайды.

Осы жазға қатысты болжамдарымды айтсам: маусым айының 12-сі мен 16-сы арасында да кей жерлерде жаңбыр жауады деп болжадым. Бұл күндер ескі есеп бойынша он күндік деп аталады. Бұл кезде де табиғаттың заңы бойынша күн бұзылады. Маусым айының 22-сі мен 26-сы аралығында кей жерлерде жаңбыр жауады дегем, ол күн ескі айдың 20-сы деп аталады. Бұл аралықта да табиғат заңына сәйкес ауа райы бұзылады. Айдың басқа күндерінде күн ашық болып 30-35 градусқа дейін ысиды. Биыл көктемнің ерте келуі де осы қой жылына байланысты болды.
Табиғаттың заңдылығында жылдың басындағы алғашқы 3 күн қалай болса сол жылы ауа-райы солай болады деген сөз бар. Қазақта Жыл басы – 22 наурыз. Сондықтан, мен көбіне болжамдарымды жылдың басында жасаймын. Алда келе жатқан шілде айының 3 мен 7-сі аралығында аралығында жаңбырлы болады,-дейді жұлдызшы Қозыбай.
Жұлдызшының сөзіне сенсек, алдағы қыс суық болмақ. Өйткені, табиғаттың заңына сәйкес күн жылына екі рет 22 наурызда және 22 қыркүйекте теңеседі. Жылдар жұппен келеді. Мысалы, осы екі жыл жұптасқан. Ал, келесі жылы өзгеріс пайда болатыны анық. Себебі, жұптан артыққа бармайды.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *