Мың құбылып, сан өзгерген ҰБТ

05Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуына екі жетіге жетпес уақыт қалды. ҰБТ биыл соңғы рет дәстүрлі түрде өтеді. Ендігі жылдан бастап  толығымен өзретуге ұшырайды. Бұл жастардың ЖОО-ларына кедергісіз түсуі үшін жасалынып отыр. Қазір республикадағы барлық орта мектеп ұстаздары мен түлектер тестке қызу дайындықта екені айтпаса да түсінікті. Ал, кімнің қалай дайындалып жатқанын өз іші біледі. 

050505

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі

Жоғары оқу орнына түсу, Алтын белгісін қорғап қалу, грантты иемдену әр түлектің, оның ата-анасының арманы. Білім және ғылым министрлігі және қоғам қолдаған Сенат бастамасымен осы жылы мектеп түлектеріне ҰБТ тапсыруға бір емес, екі мүмкіндік беріледі. Яғни, төмен балл жинағандар 2242 теңге төлеп, екінші рет тест тапсыра алады.
Биыл Оңтүстікте 30 123 оқушы мектеп бітіреді екен. Оның 18 818-і ҰБТ тапсырады. Бұл мектеп бітіруші ұл-қыздардың 75,4%-ы деген сөз.

ҰБТ тапсыратын түлектер азайған

(17.03.2016)
Сонымен, биылғы ҰБТ-ны тапсыруда өзгерістер болатыны жыл бойы талқыланып келді. Әлі күнге дейін «ұсыныстар» толас-тар емес. Орта мектепті бітірушілердің ҰБТ-ны екінші рет тапсыруына мүмкіндік берілетінін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 17 наурызда мәлімдеген болатын. Бұл шешім қоғамда талай пікір тудырды. Министрлік ұсынған мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда ҰБТ тапсырмайтын мектеп бітірушілер саны жыл өткен сайын артып отыр екен. 2015 жылы бұл цифр шамамен 46 мыңға жеткен. Бұл – аз көрсеткіш емес. Дәлірек айтқанда, 100 мыңнан астам түлек жоғары оқу орнында білім ала алмайды. Ал, соның ішінде 25 000-ы институт пен университет түгілі, колледждерге де түспейді.
Бұл ретте, Ресей мен Қытайға, басқа да шет елдерге барып оқитындар да көбейеді. 2015 жылдың соңындағы мәліметке сүйенсек, Ресейде шамамен 39 мың қазақстандық жас білім алады. Мектеп түлектері ҰБТ тапсырғанда шекті деңгейден төмен балл жинап, амалының жоқтығынан шетелдің жоғары оқу орындарына түседі. Демек, олар жоғары білім алу үшін басқа елдің қоржынына қаржы салады. Сондықтан, дәл бүгінгі күйінде ҰБТ өте өзекті түйткіл болып тұр,-дейді қоғам белсенділері. Педагогтардың айтуынша, 2016 жылы ҰБТ тапсыру механизіміне айтарлықтай өзгерістер енбейді. Барлық сұрақтар мөрленген. Бірінші тестілеу нәтижесінде гранттар, Алтын белгілер үлестіріледі. Бұл арада өзгерістер болмайды. Төменгі шекті деңгейде ұпай жинай алмағандар үшін ҰБТ-ны ақылы түрде қайтадан тапсыруға болады. Яғни, олар жоғары білімді ақылы түрде алады.
ҰБТ тапсыру тетігінде өзгерістер күтілмейді. Мектеп бітіруші түлектерінің он бір жыл бойы алған білімдерінің деңгейі бұрынғы формат бойынша таразыланады. Өткен жылғы тәртіпке сай, 4 міндетті, 1 таңдауы түскен пәннен 25 сұрақ қойылады. Бағалау шкаласы да өзгеріссіз қалған. Бірақ, берілетін тапсырмаларда бірқатар ерекшеліктер болады екен. Мұнда тест тапсырмаларына логикалық тапсырмалар қосылған. Сонымен қатар мәтінді түсіну, оны талдай білуге байланысты сұрақтар бар. Мысалы, географиядан, физикадан, химиядан кесте түрінде тапсырмалар берілуі мүмкін. Және Қазақстан тарихынан да мәтінді оқып, тарихи құжаттармен жұмыс жасауға байланысты сұрақтар да қосылыпты. Тест тапсырмаларының базасы жаңартылған.
Ендігі ҰБТ мәні де мағынасы да өзгеріске ұшырайды. Мектепте оған дайындалу үшін зияткерлік деңгейін көтеру қажет. Сондықтан, оқушыларды 9-сыныптан кейін колледждерге қуудың қажеті жоқ. Бұдан былай колледж бен мектептен кейінгі жағдайды теңестіру жұмыстары жоспарлануда. ҰБТ-ның негізгі әлеуметтік миссиясы — мемлекеттік гранттарды үлестіру. Министрдің пайымынша, егер мемлекеттік гранттар ЖОО-дарына берілетін болса, сәйкесінше білім беруге бөлінген мемлекеттік қаражатқа мемлекет тарапынан бақылау болмайды. ҰБТ өткізудің құны осы білім гранттарының шамамен 3,5%-ын құрайды, сондықтан мемлекет бұл қаражатты әділетті және тиімді үлестіру үшін 3,5%-ын жұмсайды екен. Айта кетерлік бір жайт, Ұлттық бірыңғай тест бұдан былай мектептердің рейтингіне әсер етпейді. Ал, жоғары оқу орындарының жайына келер болсақ, қазір еліміздің 15 университеті әлемдегі ең үздік университеттер тізіміне ілікті. 2010 жылы бұл қатарға бірде-бір қазақстандық жоғары оқу орны кірмеген болатын.

ЭЫДҰ стандарттарына келеміз

(25.04.2016)
2017 жылдан бастап түлектер мектеп бітіру емтиханын тапсырады. Бұл жайлы 25 сәуір күні министр мәлімдеді. Білім және ғылым министрлігі келесі жылдан бастап ҰБТ-ны екіге бөліп, мектептерге мектеп бітіру емтиханын қайта енгізуді жоспарлап отыр. Ал, ҰБТ – SIT (System Integration Test интеграциялық тесттері) бағытына қарай ауысады. Сол себепті қазір ҰБТ-ның жаңа бағдарламасы дайындалып жатыр. Ол енгізілген жағдайда олимпиада жеңімпаздары да, Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері де яғни барлығы осы емтиханды тапсыратын болады. Алғаш рет емтиханды тегін тапсыру жоспарланып отыр. Кейін түлектердің қалауына қарай бірнеше мәрте қайта тапсыруға да мүмкіндік бар. Біз бара-бара ЭЫДҰ стандарттарына келеміз. Бұл жүйе келесі жылдан бастап енгізіледі,-дейді Ерлан Сағадиев.
(04.05.2016)
Және тестілеу жүйесі университетке тапсырылатын емтихан жүйесіне сәйкестендіріледі. ҚР Білім және ғылым министрлігі біраз жылдан бері осыбір жүйені өзгертуге талпынып жүр. Енді мектептердегі кәдімгі емтихан жүйесі қалпына келтіріліп, ҰБТ жоғары оқу орнына түсетіндер үшін ғана пайдаланылады. Осы үшін де сәуір айында арнайы құжат қабылданған. Құжаттағы шешімдер «Білім туралы» заңына да өзгерістер әкеледі. Заң жобасын жасаушылар міндетті екі тіл – қазақ және орыс тілдерінде емтихан жүргізілетінін айтты. «Екі жыл әлеуметтік сұрау жүргіздік. Адамдардың көпшілігі ҰБТ-ның екі кезеңге бөлінгенін қалайды. Енді мектептерде тесттің шуы басылады. Оқу орындары бір-бірімен бәсекеге түспейді, — деп ҚР Білім және ғылым минстрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басқарма басшысы Зинаш Жанділдина 4 мамырда мәлімдеген. Жаңа жүйе 2017 жылдан бастап күшіне енеді.

Биыл 31 700 грант бөлінеді

2016 жылы Қазақстанда мемлекеттік білім тапсырысы аясында 31 700 білім гранты бөлінеді.
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Серік Өмірбаев мәлімдеді.
«Грант саны бойынша, биыл бізде мемлекеттік білім тапсырысының көлемі өткен жылғы деңгейде қалады, яғни жалпы саны 31 мың 700 грант. Мамандықтар бойынша біз әлі бөлген жоқпыз, себебі ол үкімет қаулысымен бекітіледі», — деді Өмірбаев жұма күні ҰБТ өткізу мәселесі жөніндегі брифингте.
Ол білім грантының құны биыл да өткен жылғы көлемде қалатынын және оның 346 мың теңге болатынын атап өтті.
«Ереже бойынша ЖОО-ларда ақылы оқыту грант құны деңгейінде қалады. Яғни шамамен 346 мың теңге және ақылы бөлімшелердің де ақысы белгіленеді», — деді департамент директоры.
Сондай-ақ, ол ЖОО-лардың дарынды түлектер үшін өздерінің оқу гранттарын бөлетінін айтып өтті.

Жанерке ХУМАР

0505Сайлау Берістем,
Ө. Жәнібеков атындағы мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы:

— ҰБТ – 11 жыл бойы оқып-тоқыған біліміміздің сыналар шағы. Оған санаулы күндер қалды. Тестілеу жүйесіне енген өзгеріс — жоғарғы оқу орнына түсуге қайта мүмкіндік береді. Бұл құптарлық жағдай. Әлеуметтік желілерде қайта тапсыру бағасының тым арзан екендігін айтып жатыр. Шалғай аудан-ауылдарда тұратын білім алуға құштар оқушылар баршылық. Барлық отбасының тұмыстық жағдайы жақсы деуге келмейді. Алайда, сондай өзгерістер болды екен деп арқаны кеңге салудан аулақпыз. Бірінші сынақтың өзінен өтіп, жоғары балл жинауды мақсат етіп отырмын.

05050202Дәнегүл Керімқұлова,
ата-ана:

— «Бақ шаба ма, әлде бап шаба ма» деген мақал бар. Бабы жақсы болып, бағы жанбай қалатын оқиғаларды талай көрдік. Тестті қайта тапсыру расында көптеген ата-анаға да, балаға да мүмкіндік беретіндіне сенімдіміз. Өзіміздің балаларымыз шетелге кеткеннен гөрі, ақылы түрде болса да өз елінде білім алғаны жақсы емес пе? Екінші жағынан, тест тапсыра алмағанда келесі жылға дейін текке уақыт өткізбейді. Осы жағдай ұтымды болып тұр.

0450230Әсия СӘДІБЕК,
№67 «Көмешбұлақ» атындағы
жалпы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі

— Биыл оқушы-ларымыз ҰБТ-ны екі мәрте тапсыруға мүмкіндік алып отыр. Тестті бірнеше мәрте тапсыру әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесінде бар. Жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болудың нәтижесі тек біліммен сараланады. Сондықтан әлемдік білім көкжиегінде еркін жүзіп, еліміздің білім жүйесін дамыту – бүгінгі күннің басты мәселесі. Осы орайда межелік баллға жете алмаған балаға екінші рет тестті қайта тапсыру мүмкіндігінің тиімділігін атап айту керек. ҰБТ-ға кірген түлектердің барлығы бірдей психологиялық тұрғыдан дайын болмайтынын ескерсек, сынақтан екінші рет өте алатынын білу баланың ойын сергітіп, бойына сенімділік қалыптастырады.
Тестке дайындық кезінде мұғалімнен бөлек үйдегі ата-ананың да ықпалы зор. ҰБТ жақындаған сайын жүрегі дүрсілдеп, өміріндегі маңызды күнді асыға күтіп жүрген баланың бойында қобалжу процесі жоғары болады. Кейбір оқушылар өзіне деген сенімділікті жоғалтып алады. Мінез-құлқында да біршама өзгерістер болуы әбден мүмкін. Осы кезеңде жақын адамдары психологиялық қолдау көрсете білуі қажет.

Кілт сөздер

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *