Мопед жүргізуге де куәлік керек

мопедҚазақстанда жүргізуші куәлігін алу мотоцикл, скутер, трицикл, квадроцикл және мопед жүргізушілеріне де міндетті болды.

«Жол жүру ережелері» заңына сәйкес, мотоцикл, скутер, трицикл, квадроцикл жән мопед 50 км/сағат жылдамдықпен 125 куб.см-ден асырмай ең жоғарғы қуатымен 11 киловаттан аспай айдайтын жүргізушілерге «А1» және «А» жүргізуші куәлігін алуы міндеттеледі. 125 куб см көлемінен жоғары қозғалтқышта олар «А» деңгейіндегі куәлік алуы тиіс.
Заң бойынша «А1» деңгейін 16 жасқа толғандар, ал «А» деңгейін 18 жасқа толғандар ала алады.
Жүргізуші куәлігі бар жүргізушілер, автотранспортта жүргізу құқығын берушілер мен «А», «А1» деңгейін алам деушілер жүргізушілер дайындайтын бөлімшелерден сабақ алу тиіс. Сондай-ақ, полиция әкімшілік бөлімшелеріне сәйкес келетін теориялық және практикалық емтихан тапсыруы керек.
Сонымен қатар, мототранспорт иелері мемлекеттік тіркеуде өтіп, көлігін әкімшілік полицияның есебіне қойып, мемлекеттік нөмір алуы тиіс.
Мемлекеттік тіркеуге 50 км/сағат жылдамдықтан аса жүретін мотоциклдер, скутерлер, трициклдер, квадроциклдер мен мопедтер жатқызылады.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *