Миым жұмыс істесін десеңіз шөлдемеңіз

16-4Жаздың аптап ыстығы басталып, көшеде жүрудің өзі оңайға соқпай тұр. Аяқ аттам жер жүрсеңіз шөл қысып, таңдай кебеді. Сондықтан көшеде келе жатып шөлді басуда кез-келген сусынды ішуден тайынбаймыз.  Газдалған, тәтті сусындар, квас, түрлі шырындар, көк шай… Шөлді басатын ұлттық сусынымыз – көже де  бар. Бұлардың қайсысы шөлді тез басады, оларды дайындаудағы ерекшеліктерге тоқталсақ.

Су — адам ағзасының 70%-ы судан тұрады. Ғалымдардың пайымдауына сүйенсек, ағзадағы 5%-су жоғалса, ми қызметінің 20%-ы тоқтап қалады екен. Сондықтан да қапырықты ауа райында адамды қуаттандыратын бірден-бір таптырмас ем – ол су. Сол себебті, су – ағзаны ылғандырудың, шөл басудың ең тиімді жолы.

16-3Ашыған көже — қазақ даласының төл сусыны. Құрамындағы дәнді-дақылдар сізге қуат беріп, сұйығы шөліңізді басады. Бізде күрiш, бидай, тары және жүгері көже көп дайындалады. Көже – жеңiл ас. Асқазанға ауырлық түсірмейді. Сiңуi де, қорытылуы да оңай.
Көже дайындау үшін:
500 гр айран, 200 гр түйілген бидай, 200 гр түйілген жүгері, су, тұз қажет.
Ең алдымен, бидайды қабығы шыққанша келіге түйіп, қоқымдардан тазалап, бірнеше қайтара жуамыз. Жүгеріні де дәл сол сияқты ешқандай қалдық қалмағанша жақсылап жуғанымыз жөн. Кейіннен екеуін де арнайы ыдысқа салып, оның үстін толтыра су құямыз. Көже ұзақ қайнатылу керек болғандықтан суды неғұрлым көп құйған дұрыс. Ыдысты отқа қойған соң, шым-шым тұз сеуіп, бір жарым сағат күтеміз. Бидай мен жүгері жарылып, жұмсақ болып пісуі керек. Әбден қайнатылған көжені суытып, айран немесе құрт қосып араластырамыз. Осылайша, дайын болған көжені тоңазытқышқа немесе салқын жерге қойған абзал. Кейбіреулері бұл тағамды суық күйінде ішсе, екіншілері бірер күн ашытып барып тұтынады.

Квас — көне сусын. Квас негізінде славян тағамдарын (окрошка, ботвинья, суық сорпа, т.б.) жасауда пайдаланылып келген. Ол шөлді тез басып, адамды сергіту қызметін атқарады. Дәмі жағымды, хош иісті болып келеді. Ол ашытқылы негіздегі сүт өнімдері мен қара бидай ұнынан және арпа дәнінің қоспасы арқылы жасалатын табиғи сусын. Бүгінде нан квасынан тыс, жеміс-жидек, бал квастары кеңінен тараған. Квас ас қорытатын сөлдің бөлінуін арттырып, ас қорытуға қолайлы жағдай туғызады. Айрықша ерекшелігі деп жергілікті жерде сақтауға төзімділігін айтуға болады.
Көк шай:
Көк шайдың емдік қасиеті көп. Адам ағзасындағы зиянды қалдықтарды шығарады. Қан айналым мен ас қорыту жүйесін жақсартады. Көк шайдың тіске де көмегі бар. Тісті зақымдалудан қорғап, оны тазартып, түсін сақтайды. Ауыз қуысындағы жағымсыз иістерден де арылтады. Салмақ тастатады. Көк шайға қант, сүт қосып ішпеңіз. Пайдалы қасиетін жоғалтады.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *