Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек!

Әлеуметтік медициналық сақтандыру — бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық жарналары мен бюджеттік қаражаттар есебінен сақтандырылған халыққа денсаулығына келтірілген зиянның орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін, бірінші кезекте, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің әрі жеке медицинаның дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуы есебінен жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру азаматтарға медициналық қызмет пакеттерінің 2 түрі ұсынылатын болады:

Біріншісі – базалық пакет, мұнда республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі. Бұл пакет Қазақстан азаматтарының барлығына қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметтері: жедел көмек және санитариялық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлар кезінде көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық екпелер.

Өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтамасыз ететін тұрғындар үшін 2020 жылға дейін республикалық бюджет есебінен амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете отырып, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.

Екінші – бұл қайта құрылған Медициналық сақтандыру қорынан көрсетіліетін сақтандыру пакеті. Оған кіретін қызметтер: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), стационардың орнын басатын көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейіргерлік күтім, жоғары технологиялық көмек.

Ерекше санаттағы азаматтар (халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы) үшін мемлекеттік жарна мөлшерлемесі орташа айлық жалақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеме көлемі кезең-кезеңімен жоғарылап отыратын болады: 2017 жылдан бастап 4%, 2018 жылдан бастап 5%, 2023 жылдан бастап 6%, 2024 жылдан бастап — 7%.

Жұмыс берушілердің жарналар мөлшерлемесінің жалпы көлемі табыстың 5% құрайды, сонымен қатар аударымдар 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3% , 2019 жылы 4% және 2020 жылы 5%-дан басталады. Аталған аударымдар корпоративті табыс салығын есептеу кезінде шегерілетінін есепке алатын болсақ, жұмыс берушілердің жүктемесі 2017 жылы – 1,6%, 2018 жылы – 2,4%, 2019 жылы – 3,2%, 2020 жылы – 4% құрайды.

Жұмысшылардың жарна мөлшерлемесі табысының 2% құрайды, сонымен қатар олардың аударымдары 2019 жылдан — 1%, 2020 жылдан — 2% басталады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтардың (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар) жарна мөлшерлемесі табысының 7% құрайды. Сонымен қатар 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3% , 2019 жылы 5% және 2020 жылы — 7% құрайды. Мынаны баса айтқан орынды, пайыздардың жалпы сомасы 15 минималды еңбекақыдан артпайтын болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналардан азаматтардың 15 санаты босатылады (халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы):

  • балалар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған көп балалы аналар және «Батыр ана» атағы бар аналар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені иегерлері;
  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
  • мүгедектер;
  • жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
  • интернатта оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беретін мекемелерде, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі резидентурада күндізгі оқу түрінде оқитын тұлғалар;
  • бала тууына, бала асырап алуына, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста отырған тұлғалар;
  • жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі баласын тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін әйелдер;
  • зейнеткерлер;
  • әскери қызметкерлер;
  • арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері;
  • құқық қорғау органы қызметкерлері;
  • сот үкімімен жазасын өтеп отырған тұлғалар лица, қауіпсіздігі төмен мекемелерді қоспағанда;
  • уақытша ұстау және тергеу изоляторларында жатқан тұлғалар.

Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айырылған деп белгiленген бүкіл кезеңге, әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш жасаған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан тағайындалады. Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін медициналық-әлеуметтік сараптама негізінде белгілейді.

Егер отбасының асыраушысы жұмыс істеген және ол үшiн Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген адам қайтыс болса, асыраушының отбасы мүшелерiасыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындауға және алуға құқылы. Сондай-ақ, әлеуметтік төлемнің бұл түрін алуға сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған асыраушының отбасы мүшелерi де құқылы болады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз қалған жағдайда жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындауға және алуға құқылы. Бұл үшін ол жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жұмыссыз ретiнде тiркелуі тиіс.

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер бір айдан төрт айға дейін тағайындалады.

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Мемлекеттің Медициналық сақтандыру қорына жарна аудару мерзімі 2017 жылғы 1 шілдеден 2018 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды.

Ал жұмыс берушілердің, дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушылардың, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың Қорға төлейтін аударымдары мен жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден бастап түсуі тиіс.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселері бойынша халыққа кеңес беру жөніндегі обылыстағы CALL-орталықтары: 8 (72 52) 545 075

ЖШС «АЙ-НҰРЫ» Медициналық орталығы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *