Мешін — табыс пен мансап жылы


16 знаки

Жаңа жылда алдағы күндерге жоспар құрып, жыл соңына дейін іске асыратын шаруаларымыздың ұзынсонар тізімін жасап алатынымыз бар. Нарықтық экономика жағдайындағы елдің азаматтарын іскерлік өмір турасындағы жаңалықтар көбірек қызықтырады. Осы орайда газетіміздің Жаңа жылдағы алғашқы санында қаржы мен мансап жолында сіз бен бізді не күтіп тұрғаны жөнінде әзірленген жұлдыз жорамалды жариялап отырмыз. Жұлдыздардың сөзіне сенсек, Мешін жылы тосынсыйларға толы болмақ.

Тоқты
(21.03-19.04)
Қаржылық тұрғыдан таршылық көрмейсіз. Дұрыс әрекет етумен қатар, шешім қабылдаудағы қабілетіңізге қарай ақшаны көбірек табуға мүмкіндік бар. Жылдың басында, әсіресе, 5-26 қаңтар аралығында қай істе болмасын асығыстық жасамаңыз. Себебі, қателіктер жіберуіңіз мүмкін. Жылжымайтын мүлік немесе көлікті несиеге алуды ойлап жүрсіз бе? Аса қажет болмаса, сатып алуды кейінге қалдырыңыз. Осы жылы бақталастарыңыз көбейеді.

Торпақ
(20.04-20.05)
Өткен жылы төккен теріңіздің нәтижесі биыл көрінеді. Кез-келген сынақтан да сүрінбей өтесіз. Бір сөзбен айтқанда, Мешін жылы сіз үшін тыныш болады. Алайда, арасында назар салатын мезгілдер де бар. Қаңтардың соңына дейін, нау-рыз және маусым айының басында, тамыздан қыркүйектің соңына дейін қауіпсіздік шараларын қарастырыңыз. Әсіресе, көлік жүргізгенде абай болыңыз. Дәл осы кезде инвес-тиция салуға, жобаларды жүзеге асыруға, несие алуға тиімсіз кез. Шығармашылықпен айналысатындар үшін Мешін жемісті жыл болады.

Егіздер
(21.05-21.06)
Егіздерді Мешін жылы айтарлықтай қуанта алмайды. Барлығы сіз ойлағандай бола бермейді. Әрекетті жағдайға қарай өзгертіңіз. Материалдық, не қаржылық жағдай басшылықпен қарым-қатынас, жұмыстан шығу немесе дұрыс ойластырылмаған жобалардан нашарлайды. Мұны болдырмас үшін позитивті көңілмен, әрбір іске жауапты болуға тырысыңыз. Мамыр айында асығыс жұмыстан кетуден сақтаныңыз. Ал, қыркүйекте мансап жолында еткен еңбектің жемісін көресіз.

Шаян
(22.06-22.07)
Ақпанда мол табысқа кенелесіз. Наурызда алданып қалудан абайлаңыз. Іскерлік байланысты кеңейтумен айналысыңыз. Жетістікке жету Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен ақыл-парасатыңызға байланыс-ты. Сізге қажетті адамдармен байланысты жақсартуда осы екі қасиет өте қажет. 18 сәуір мен және 30 маусым аралығында қымбат зат сатып алмаңыз. Сәуір — іскерлік сапарлар үшін тиімді ай. 23 мамырдан бастап жасалған келісімдер сәтті аяқталады.

Арыстан
(23.07-22.08)
Егер арыстандар алдына мақсат қойып, жоспармен әрекет етсе, жыл табысты болады. Шығармашылықпен айналысатындар өнерімен өзгелерді мойындатады. Мешін жылы кәсіп бастауға оны ары қарай дамытуға қолайлы жыл. Жаңа жұмысқа орналасу және мансап жолында көтерілуге мүмкіндік мол. Сонымен бірге, шетелде біліміңізді жетілдіруге ұсыныстар түседі. Алайда, ысырапшылдыққа бейімділігіңіз бұған кедергі жасамауын қадағалаңыз.

Бикеш
(23.08-22.09)
Бикештерге биыл мансап жолында өсуге мүмкіндік бар. Сізді жұрт мойындайды. Қызметіңіз көтеріледі. Бірақ, қолында билігі бар жандармен қарым-қатынас кезінде өзіңізді сабырлы ұстаңыз. Отқа май құюдан сақтаныңыз. Әйтпесе, барлығынан бір сәтте айырыласыз. Ақпан айында бар билік Сіздің қолыңызда болады. Наурызда ірі зат сатып алудан, инвестиция салудан бас тартыңыз. Маусым – барлық нәрсеге қолайлы кезең. Ал, қарашада басшылықпен қарым-қатынас шиеленіседі. Сол себепті, жұмысты ауыстыруға тура келеді. Еңбекқорлығыңыз бен сабырлығыңыздың арқасында жұмыс табуда қиындық тумайды.

Таразы
(23.09-22.10)
Мешін жылында сіз күтпеген таңғажайып жағдайлар көп болып, өзіңізге көңіліңіз толады. Қызметте кәсіби өрлеу басталады. Басшылықпен қатар, қызметкерлердің өзімен қарым-қатынас жақсарады. Жыл басында жаңа жобалар іске асады. Егер бизнесте халықаралық деңгейге шығуды жоспарлаған болсаңыз, жыл оңынан тумақ. Дегенмен, кейбір жобаларға алданып қалмаңыз. Жыл соңына қарай жұмыс қызып, барлығы сіз ойлағандай болады.

Сарышаян
(23.10-21.10)
Мешін жылы шығармашылық саладағы сарышаяндарды қорғап-қолдайды. Ғалымдар мен зерттеушілер үшін де жақсы әрі жемісті жыл болмақ. Ал, кәсіпкерлер өзге жұрт байқай бермейтін істен мол табысқа кенеліп, жарқын болашақ пен мүмкіндіктер көреді. Маусымда өзіңізге «Тек алға!» деп сеніммен жұмыс істейсіз. Қыркүйекте қаржылық табыс әкелетін жобаларды бастамаңыз. Сонымен қатар, жұмыс ауыстыру, жұмыс іздеу мен мансап жолында көтерілу турасында ұсыныстар айтпаңыз.

Мерген
(22.11-21.12)
Мергендер үшін мықтылығыңызды сынайтын жыл болмақ. Кәсіби салада қиындықтар байқалады. Кей жандар жіберген қателіктерінен кейін өмірін қайта бастайды, базбіреулер басшылықпен келіспеушіліктен соң, қызметін ауыстырады. Дегенмен, көп қиындықтарды жүк ете бермеңіз. Психолог, социолог, заңгер мергендер жұмыс істеуде құлшынысы артып, өзін баршаға мойындатады.

Тауешкі
(22.12-19.01)
Тауешкі белгісінде туылған ақпарат-техник мамандар, бағдарламашылар, веб-дизайнер, эколог, ғалымдарды бұл жылы жеңіс толқыны күтіп тұр. Ең бастысы – оптимист, озық және ниетіңіз түзу болсын. Маусымда көптеген тауешкілерді өмірдің «ақ жолақтары» қуантады. Қолға алған жаңа жобалары жылдам үйлесім тауып, оңынан жүзеге асады. Ірі ұтыс болады. Тамыз қаржылық жағынан пайда әкеледі.

Суқұйғыш
(20.01-18.02)
Суқұйғыштар үшін Мешін жылы нақты нәтиже беретін жұмыстардың іске асуына оңтайлы болады. Бірлескен капиталдан табыс аласыз. Қарыздан құтылып, олжа әкелетін мәміле жасасасыз. Немесе біраздан бері армандап жүрген жылжымайтын мүлік немесе көлікке ие боласыз. Мешін жылында ақша Сізді жақсы көреді.

Балық
(19.02-20.03)
Егер сабырлы бола білсеңіз, Мешін жылында берекелі істер күтіп тұр. Жұлдыздар басшылықпен жақсы қарым-қатынаста болуға көмегін тигізеді. Психолог, кеңесші, әлеуметтік қызметкерлер, суретшілер, жазушылар үшін ақпан айы тиімді кезең. Жыл басында өз түйсігіңізге сеніңіз. Ал, қаржыгер, есепші, кәсіпкерлердің сәуірде жолы болады. Тек тәуекел жасап, тез арада әрекет жасаудан қорықпаңыз. Шілде — дәрігер, биолог, химик, математик пен физиктер үшін сәтті ай.

Дайындаған – Айгүл Керімбайқызы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *