Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» -демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Ата–ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер алып, бала түрлі жаман мінездерді қабылдайды.

«Жанұядағы зорлық-зомбылық отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда , одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген ойдан аулақ болу болуымыз керек. Өйткені баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын,оған қарап өсетін бала нашақорлыққа, темекіге,ішімдікке әуес бұзықтық жолға түсуі , яғни бұның бәрі зорлық зомбылық жасауға итермелейді. Сондай жағдайда балалардың дене бітіміне және жана-жақты дамуларына кедергі болады.

Статистикалық мәліметке қарағанда көбінесе жасөспірімдер тұрмыстағы зорлық –зомбылықтың құрбаны болады. «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын !» атты үндеуді тастай отырып балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын қорғау,құрметтеу – мемлекеттің, ғана емес, жекелеген әрбір адамның міндеті болу тиіс деп ойлаймын.

 

Қияш Айгелдиева,

31 жалпы орта мектептің педагог-психологы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *