Мемлекеттік кепілдік берілмейді

– Зейнеткерлікке шыққан азаматқа мемлекеттік кепілдік ақша (государственная гарантия) төленетінін білемін. Ол қалай және қандай мөлшерде төленеді? Оған тиісті өтініш жазу керек пе? Және оны кімге жазу керек?

Ермек, Шымкент

Мемлекеттік кепілдік берілмейдіЗТМО, ОҚО филиалының басшысы Сағира Айтанаева жауап береді:

– «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңда мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иемдену кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді делінген.

Егер де сіздің қордағы зейнетақы жинақтарыңыздың сомасы инфляция деңгейін ескергенде нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болса, мемлекеттік орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

Айжан Ермекқызы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *