Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар қалай төленеді?

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерін есептеу үшін, ең жоғарғы орташа айлық табыстың мөлшері 41 айлық есептік көрсеткішпен шектелініп анықталады, яғни орташа айлық табыс 93 029 теңгеден аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасының «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

Айлық есептік көрсеткіш – 2269 теңге;
Ең төменгі зейнетақы – 28 148 теңге;
Күнкөріс денгейі мөлшері – 24 459 теңге;
Базалық зейнетақы төлемі – 12 802 теңге;
Ең төменгі жалақының мөлшері – 24 459 теңге болуы қарастырылуда.

Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтарынан күнкөріс денгейінің мөлшері өзгеруіне сәйкес арттырылатын болады ( күнкөріс деңгейінің мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 24459 теңгені құрайды).

Мемлекеттік арнайы жәрдемақы №1 және №2 тізім бойынша, Мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, біржолғы бала тууы-на байланысты жәрдемақымен бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі мемлекеттік жәрдемақылар айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің көбейуіне байланысты арттырылады (айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2269 теңгені құрайды).

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері ең төменгі жалақының 1,05 есебінен 25 682 теңге көлемінде төленетін болады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, еңбек ету қабілетін жоғалтуына және асыраушысынан айырылуы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі ай сайынғы капитализациялық төлемдердің мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7 пайызға арттырылады.

Әнуар Ілеспаев,

ОҚО бойынша Енбек, әлеуметтік қорғау

және көші-қон департаментінің зейнетақы

және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім басшысы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *