Мектептерге жаңа автобус берілді

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласындағы 9 мектепке 3 мың оқушыны тегін тасымалдайтын 19 автобус сыйға берілді.
Жаңа көліктердің кілтін мектеп директорларына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев табыстап, барша жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.
50 балаға деп есептелген көлік түрлерінің барлығы мектеп балансына өтеді. Оқу ғимараттарының басшылығы жүргізушілерді де штатқа алады. Павловск автозауытынан шыққан автобустарды сатып алуға қалалық бюджеттен 239 млн теңге бөлінген. Бұл автобустар мектептен 3 шақырым қашықтықта тұратын балалардың тасымалын ұйымдастыру үшін сатып алынды. Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, әр автобусқа бюджеттен 12,5 млн теңге бөлінген.


Оның сөзінше, 19 автобус мектептің аумағы мен қажеттілігіне қарай үлестірілген. Мысалы, №49,55,58 және 61 мектептер кішкентай болғандықтан бір автобустан алса, Достық шағынауданындағы №69 мектепке бірден 4 автобус берілді. Себебі мектеп үлкен, 1600 оқушы оқиды, соның ішінде 400 оқушы алыс-та тұрады. Оларды жеткізіп отыру керек.
Бұған дейін оқушыларды тасымалдау жұмыстары келісім — шартпен жеке кәсіпкерлер «Абад ЮГ» ЖШС және «Төлеби Автобус Паркі» ЖШС арқылы жүргізіліп отырған болатын. Осы жолғы келісімшарт жылдың соңына дейін деп қарастырылған. Сол себепті жаңа автобустарға бүлдіршіндер жаңа жылдық демалыстан кейін ғана отыра алады. Сонымен қатар бұл автобустармен оқушыларды тек мектептен үйге ғана емес, әр түрлі байқау, олимпиада және экскурсияларға алып баруға болады.

 

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *