Мектепке дайындық

Облыста 1-ші тамыздан бастап «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. Жергілікті кәсіпкерлер, депутаттар, түрлі мекемелер мен кәсіпорын басшылары бір кісідей атсалысып жатқан шараның басты мақсаты – жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды мектепке қажетті заттармен қамтамасыз ету. Себебі, мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек, жетім, жартылай жетім және әлеуметтік жағдайы төмен оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады.

33-005

Жетім дегеннен шығады, өңірде ата-ана қамқорлығынсыз қалған — 3020 бала бар. Олардың 2331-і қорғаншылық және қамқоршылықта, 279-ы патронаттық тәрбиеде, 390 бала балалар үйінде тәрбиеленуде. Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшысы күнгейде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тәрбиеленуі үшін барлық жағдай жасалып жатқанын айтады. Соның айғағы, басқармаға қарасты балалар үйінің тәрбиеленушілері өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға, яғни 390 балаға кеміген. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы облыстағы балалар үйінде – 427 бала тәрбиеленген болса, 2014 жылы олардың саны – 401-ді құраған болатын. Сала мамандарының сөзінше, мұндай көрсеткішке қол жеткізуге өңір халқының бала асырап алуға деген ниетінің біршама артқандығы себеп болып отыр. Басқарма басшысы Альбина Елшиева алдағы уақытта да осы бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілетінін тілге тиек етті. Облыстың бас педагогы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың білім алуы үшін де ерекше мән берілетінін айтады.

Гүлсара Тұрысбекова, көпбалалы ана:

– 4 бірдей оқушысы бар мен үшін оларды мектепке жинау оңайға соқпайды. Шамамен бір баланы киіндіру үшін 20 мың теңгені жұмсаймын. Бұл тек күздік киімдер ғана. Қыс-көктемде тағы киім керек. Оған кеңсе заттарын қосыңыз.

Мектепке дайындық 33-00333-006

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Өткен оқу жылында облыста 230 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала мектепті тәмамдаса, олардың 37-сі балалар үйінің тәрбиеленушісі. Бітіруші түлектердің 79-ына облыс аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, 131-іне техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тегін білім алуы үшін облыс әкімінің жолдамасы берілді. 16-сы республиканың басқа өңірлеріндегі жоғары оқу орындарына түскен,- дейді ол. Жетім балалардың толыққанды білім алып, болашақта өз жолын табуы үшін мемлекет тарапынан да, облыс әкімдігі жағынан да жасалып жатқан шаралар өз жалғасын табатынын жасырмады. Сондай-ақ, басқарма басшысы өңірде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де бір жолға қойылғанын айтты. Айтуынша, 2013 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспана кезегінде тұрған 98 балаға, 2014 жылы 260 балаға пәтер кілті табысталған. Осылайша, мемлекет жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қанатының астына алып, сапалы білім алуына, жақсы маман болып қалыптасуына жан-жақты жағдай жасауда.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *