Мектеп құрылысы қашан аяқталады?

Шымкенттегі білім ошақтарының құрылысы қарқын алған. Мердігер компаниялардың арасында берілген уақыттан бұрын нысанды тұрғызып, жұмысын аяқтап қойғандар көп. Жауапкершілікті сезінген құрылыс компаниялары отандық өнімді қолданғандарын айтып отыр. Ал сапасына кепілдік беруде. Осы орайда, қала әкімі Д.Сатыбалды жоспарда бекітілген уақыттан бір жыл бұрын құрылыс жұмыстары біткен нысандарды аралап қайтты.

Сондай-ақ, қаланың қақ ортасындағы №12 мектептің құрылысы бітуге шақ. Мердігер компания кеткен кемшіліктерін түзеп жатыр. Енді бір аптада барлық жұмыстар толығымен аяқталады. Айта өтейік, білім ордасының жаңа корпусын тұрғызу былтыр маусым айында басталған. Нысанның құрылысын «Арт проект» мердігер компаниясы жүргізген. Ғимаратты тұрғызып, құрал-жабдықтарын орнатып қойыпты. Тек, сыртқы спорт алаңының жұмыстары қол байлау болған. Десе де жоспар бойынша нысанның құрылысы 20-шілде де аяқталып, 20-тамызда мемлекеттік қабылдаудан өтуі тиіс.

 

 

28-012

Мектеп құрылысы қашан аяқталады?

28-011

28-010

Дархан Сатыбалды, Шымкент қаласының әкімі:

– Ең бастысы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуына мән беру керек. Егер бұл талаптар мердігер компаниялар тарапынан орындалмайтын болса, біз түзілген келісім-шартты бұзуға мәжбүрміз.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *