Мандариннен тұмау тарамайды

Соңғы аптада WhatsApp желісінде мандарин жемісі туралы аудиожазба тарады. Онда ангинамен ауырған науқас әйел дерттің мандариннен шыққандығын айтады. Мандарин арқылы тұмау тарайтынын сөз етеді. Еліміздің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мандарин туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтуда. Тұмаудың мандариннен тарауы мүмкін еместігін хабарлады.

— Тұмау — бұл жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) тобына кіретін тұмау вирусы тудыратын тыныс алу жолдарының жіті инфекциялық ауруы. Инфекцияның көзі науқас адам болып табылады. Ауру түшкіру, жөтелу, мұрынның бітелуі кезінде ауа-тамшы жолымен жұғады. Ауру тағам арқылы берілмейді. Тамақ өнімдері, оның ішінде мандарин тұмаудың көзі және оның берілу факторы болып табылмайды, осыған орай оны пайдалану ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың себебі болуы мүмкін емес. Республикада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың бақылау деңгейінен аспайтын маусымдық деңгейі тіркелуде. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері республикада 200 мыңнан астам ЖРВИ және тұмау жағдайы, оның ішінде 489 тұмау жағдайы тіркелген, 6319 ЖРВИ жағдайы соңғы үш күнде тіркелген. Эпидемияға қарсы шұғыл шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылығы жағдайына және Қазақстан мен шетелдегі тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Өңірлердегі вирусологиялық зертханалар тұмауға және басқа да респираторлық инфекцияларға зерттеу жүргізу үшін қажетті реагенттермен, шығыс материалдарымен қамтамасыз етілген-дейді арнайы хабарламада.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *