Мандаринді тастамай, тосап жасаңыз

Жаңа жылдық мерекеден соң мандариннің «қазан» болатын кезеңі басталады. Оны кез келген сауда орнынан қолжетімді бағаға сатып алуға болады. Кейде молынан сатып алғанда, жарамсыз болып қалмауына жол бермеуге тырысыңыз.

Мәселен, одан дәмі тіл үйіретін джем жасайды. Құрамында ағзаға қажетті дәрумендер, микроэлементтер, пектин, эфир майы бар жемістің калориясы төмен болғандықтан қорықпай жеуге кеңес беріледі. Ал, одан дайындалған джемді шаймен ішсе, тіпті керемет. Дайындау рецепті де қарапайым, уақыт та аз кетеді.

Ол үшін мандарин, лимон, қантты дайындап алыңыз. Дайындалу тәсілі мынадай:

1. Мандаринді жуып, қабығын аршиды. Ішіндегі тіліктерді бөлек-бөлек алып, ыдысқа салады.
2. Жемісті сүйегінен ажыратуға да болады. Лимонды қабығымен бірнеше тілігін турап қосады.
3. Блендрмен екеуін араластырып, қозғайды.
4. Мөлшеріне қарай қант қосып, баяу отта 30-35 минут қайнатады.

Дайындаған — Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *