Мақсат Шағырбаевтың фотоәлемі

22Өмірдің әр мезетін таңбалап, заттай естелікке айналдыратын фотограф Мақсатты соңғы екі-үш жылда ел таныды. Ол таяуда ғана ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен өткізілген «Тарихи фотосуреттер» атты республикалық фотобайқауында “Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» және “Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы” тақырыптары бойынша жеңімпаз атанды. Жүлдесін алып, туған жеріне оралған Мақсатпен қысқа сұхбатымызды және фотобайқауға ұсынған фотосуреттерін жарияладық.

IMG_4780

Шағырбаев Мақсат Сапаралыұлы — 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облы­сы, Сары­ағаш ауданында дүниеге келген. “Қазақстан Халықтар достығы” уни­вер­ситетінің “Экономика” мамандығын тәмам­даған. Мәскеудегі “Телерадиохабарлар тарату” институтында білім алған. ҚР Президентінің телерадиокешенінде бейнеинженер, телеоператор болып қызмет атқарған. Бүгінде «Оңтүстікфильм» мем­­­лекеттік мекемесі директорының орын­­басары және Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ”Жас фотограф” үйірмесінің жетекшісі. Фотография саласында 2007 жыл­дан бері кәсіби түрде айналысып келеді. Республикалық, облыстық фото­байқаулардың Гран-при иегері.

Фотоаппараты: Canon 5D mark II
Инстаграмы: MAKSAT_SHAGYRBAYEV

— Мақсат, ең алғашқы фотоаппаратыңыз қандай?
— Canon 600D.
— Неше фотоаппарат ауыстырдыңыз?
— 3 фотоаппарат.
— Сізге Nikon ұнайды ма, Canon ба?
— Осы уақытқа дейін Canon-мен түсіріп келдім, жақында Nikon-ға ауысу ойда бар.
— Фотограф кәсібі адамға туа бітті бері­ле­тін дарын ба, әлде еңбектенумен келетін шеберлік пе?
— Еңбектенумен, ізденумен келетін шебер­лік.
— Фотографияның қай жанрлары ұнайды?
— Репортаж, макросъемка, пейзаж және фото­аңшылық.
— Қандай фотосапарларға бардыңыз?
— Былтыр Германия, Бельгия, Голландияға бардым. Жалпы көпшілікпен фотосапарға барғанды ұнатпаймын, себебі ойың бөлінеді.
— Фотосуреттеріңізді сатып алуға ұсы­ныс­тар түсті ме?
— Әрине, ұсыныстар көп. Әсіресе, EXPO-2017 көрмесінің қарсаңында көбейді.
— Алдағы уақытта қай жерлерден фотосуреттер түсіргіңіз келеді?
— Еліміздің барлық жерлерін түсіру жоспарда бар. Ал, шет елге келетін болсақ, Монғо­лиядағы қазақ ауылдарына барып, тыныс-тіршілігін түсірсем деймін.
— Әр фотографта фотообъективіне ілгісі келетін нысан болады, дейді. Сіздің арманыңызға айналған нысан қандай?
— Біріншісі, барша мұсыл­манның арманы болған — Қасиетті Мекке, ал екіншісі — тау барысы.
— Фотограф болудың шығыны көп шы­ғар. Той түсі­ресіз бе?
— Шығыс шық­­­пай, кіріс кір­мейді. Той түсірмеймін.
— Оңтүс­тік­тегі тарихи орын­дарға барып, фотосуреттер түсіріп, әлеу­меттік желі­­лерде жариялап жүрсіз. Бұл бастама жалға­сады ма?
— Әрине, жал­ғасады. Өңіріміздің барлық жерін аралау жоспарда бар.
— Фотоальбомыңыз басылып шықты ма?
— Ол үшін әлі де еңбектену қажет, Алла жазса, шығып қалады.
— Неше фотокөрмеңіз өтті?
— «Шымкент-кеше, бүгін, ертең” және “Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік” атты екі көрмем өтті. Алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде менің фотосуреттерім қойылады.
— Жеке авторлық сайт ашасыз ба?
— Жоспарда бар, жасап жатырмыз.
— Flickr және тағы басқа фотобанктерде сіздің фотосуреттер бар ма?
— Өкінішке қарай, бұл саланы әлі бизнеске айналдырып үлгермедім.
— Қазақстандық және шетелдік қай фотографтардың шығармашылығын бақы­лайсыз?
— Жеңіс Ысқабай, Максим Рожин, Шүкір Шахай, Тұрар Қазанғап.
— National Georgaphic журналына фото­суреттеріңізді ұсындыңыз бе?
— Осы жылдан National Georgaphic Kazakhstan басылымы шыға бастады. Яғни, болашақта National Georgaphic журналынан менің фотосуреттерімді көрсеңіздер, таң қалмаңыздар.
— Мобилография деген жанр пайда бол­ды. Смартфонмен сапалы фотосурет түсіру мүмкін бе?
— «Байтал шауып бәйге алмас” деген бар. Кәсіби фотоаппаратпен сапасын салыстыру қиын.
— «Тарихи фотосуреттер» фото­байқау­ына неше сурет ұсындыңыз?
— Жалпы әр номинация бойынша 3 фотосуреттен ұсындым. Екеуі жүлдеге ие болды. Барлығы 27 фотограф қатысты.
— Қазір ‪әлеуметтік желілерде фото­графтардың қатысуымен #‎challengeon­naturephotography‬ хештегімен эстафета жүріп жатыр. Бұл қандай эстафета?
— Бұл эстафетаның негізгі мақсаты — тұмса таби­ғатымыздың кереметін көпшілікке жария ету.

Жазып алған — Жәнібек НҰРЫШ

17

Төбемде көк байрақ желбіреп, шаба бер тұлпарым мәңгілік

 

22

Барлығы бір атаның баласындай

 

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен

 

16

Қызуы басылмайтын саятшылық

 

1

Ақпен қара астасып…

 

6

Ат құласа да намыс құламасын

 

11

Қаршыға қызық көрсе тұмақ алар

 

15

Көл жағалай ұшқан топ үйрек

 

3

Шайырға шабыт берген Шұбайқызыл

 

19

Иә, иә, мен түйемін

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *