Мұғалімнің «отпускнойы» қалай есептеледі?

Гүлбаршын УзгельдиеваБиылғы оқу жылы да аяқталуға жақын. Мұғалімдердің жыл сайынғы кезекті еңбек демалысы таяп қалды. Осы орайда редакциямызға көптеген ұстаздар хабарласып, еңбек демалысы үшін өтемақы төлемінің қалай есептелетіні жөнінде біліп беруімізді сұраған болатын. Бұл сұраққа Шымкент қаласы білім бөлімінің қызметкерлермен есеп жүргізу секторының жетекшісі Гүлбаршын Узгельдиева жауап берді.

— Мұғалімдердің ақылы еңбек демалысына өтемақы төлемін қалай есептейді?
— ҚР Еңбек кодексінің 92-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» ҚРденсаулық сақтау және даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен айқындалады.
Ережеге сәйкес бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
Орташа жалақыны есептеуде, ережеге қосымшасына сәйкес тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді (жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы;
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақы; қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін өтемақы).
Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік жалақыны еңбек демалысына кеткен жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен есептеледі.
Орташа күндік жалақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері санына бөлу жолымен анықталады.
Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері санына тиісінше бөлу жолымен анықталады.
Егер есеп айырысу кезеңінде қызметкерге жалақы есептелмеген болса, онда орташа күндік жалақыны есептеу есеп айырысу кезеңінің алдындағы он екі айдағы жұмысы не есеп айырысу кезеңінің алдындағы осы жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген уақыт кезеңі үшін есептелген жалақы сомасын осы жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс күндерінің санына тиісінше бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ережені қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген.
Сонымен бірге, Кодекстің 139-бабының 10 тармағына сәйкес мұғалімдерге сауықтыруға арналған жәрдемақы тарификациялау бойынша белгіленген лауазымдық жалақысы (еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мен үстеме ақыларды есептемегенде) мөлшерінде төленеді. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Лауазымдық жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру коэффициентін ескере отырып, егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі лауазымдық жалақы (мөлшерлеме) арттырылған күнінен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі. Арттыру коэффициенті арттыру айында белгіленген лауазымдық жалақыны арттыруға дейін белгіленген лауазымдық жалақыға бөлу жолымен есептеледі.01

Мысалы:Мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқаратын 18 сағаты бар, 18 сағатқа дәптер тексеруі және сынып жетекшілігі бар, еңбек өтілімі – 17 жыл. Бірінші санатты мұғалім. Айлық табысы 1 қыркүйектен бастап коэффициенті 2,83 болған кезде 71902 тенге(лауазымдық жалақы 50083 тг+ 1 санат 8848+ 10%РБ лж 5008тг + сын.жет 4424тг + дәптер текс 3539), ал 1 қаңтардан бастап коэфициенті 4,16 болған кезде 88945 тенге(лауазымдық жалақы 73620 тг + 10%РБ лж 7362тг + сын.жет 4424тг + дәптер текс 3539) есептелінген.

Егер 1 маусымнан 56 күнтізбелік күнге, оның ішінде 48 жұмыс күніне еңбек демалысына шығатын болса, мәселен кесте бойынша

Бір күндік жалақы 461477 теңге/188 күнге=2454,66 теңге
Осы 2454,66 теңгені 30 жұмыс күніне көбейтсек, еңбек демалысына 73640 тенге шығады.
Сауықтыруға арналған жәрдемақы 18 сағатқа 3,08 коэфциентпен 17697 теңгеге (БЛЖ(базалық лауазымдық жалақы )) көбейту арқылы 54507 теңге төленеді.

Жанерке ХУМАР

Редакция

22 комментария

  1. Саламатсыздар ма? Біз Байқоңырдың Қазақстанға биыл аударылған қазақ мектеп мұғалімдері сауықтыруға арналған жәрдемақы қалай төленетіні түсінбедік?
    Мысалы, тәрбие ісі орынбасарларына сауықьыру ақысы төленген кезде 9 сағаты есептелмейді ме? Бізге берген сауықтыруға лауазымдық жалақымыз ғана есептелген, 9 сағатқа төленбеген. Осы қаншалықты заңды? 180 мың айлық алатын болса, оған 617 мың отпускной төленген дұрыс па? Егер еңбек демалысына 13 маусымда шыққан болса?

  2. Толық күн болмайтын шағын орталыққа жас маман алды да екі жұмадан соң басқа жұмысқа ауысып кетті орнына қалған адамға басқа маман алғанша жарты жалақы төледі осы қаншалықты дұрыс

  3. Салеметсиз бе? Егер қаңтардан бастап жұмыс жасап (оған дейін декретте болдым), 13 маусымда демалысқа шықтым. Ай сайын 100000 алсам, отпускной қанша болу керек?

    • Сәлеметсізбе, мен 2016 жылдың отпускисинен август айының 15 де косылдым. Содан жұмыс жасап 2017 жылдың 6 ақпанында декреттік демалысқа шыктым. 25 июньде декреттик демалысым бітеді. Сизден сұрайын дегенім 2017 ге отпускной ақша қанша шығады, толық шығама. Айлығым 98000 теңге.

  4. Сəлематсызба. Менің сұрап білейін дегенім Мектепалды даярлық тобының мұғалімі 42 күнге отпускнойға шығу керектігі распа екен. Көп аудан, қала т.б. аймақтарда 56 күн демаламыз диди. Ал біздің аудан 42 күн демалтады. осыған жауап берсеңіздер.

  5. Жанерке апай осы отпускной есептегенде коэфицентке кобейткен, мен денгейлик 3 айлык курска 70 пайыздыкка барган едим, сол коэфициент оган косылады ма?

  6. салематсыз ба.Мен өз жалақым мен отпускнойымды есептей алмаймын.Бухгалтерге барсам дұрыс жауап бермейді. Енді сіздердің арқаларыңызда есептеп үйреніп аламын.

  7. салематсыз ба.Мен өз жалақым мен отпускнойымды есептей алмаймын.Бухгалтерге барсам дұрыс жауап бермейді. Енді сіздердің арқаларыңызда есептеп үйреніп аламын.

  8. стажым 11 жыл бастауыш сыныптв арнаулы білім бойынша есептеп отыр. Оған қоса 3деңгейлік курсты битирдим.Бирақ отпускнойым 227 мын нан аса алмады. Осы дұрыс па?

  9. Шардара ауданының ауылды жерінде тұрамын. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Стажым 6 жылдан асты. 2-ші категория. Менің айлық жалақым және отпускнойым қалай есептеледі. Соны білгім келеді. Өтініш сізден.

  10. Саламатсыздар ма. Өте пайдалы дерек үшін рақмет. Басқа қаладан басқа қалаға көшіп, жұмыс орнын ауыстырған мұғалімнің еңбек демалысы 56 күн бола алады ма? Жұмыс істеген жерімнен 31.08.шықтым, жаңа орында 1.09 бастап- маусым айының ортасына дейін жұмыс істедім. Алайда 44 күнге ғана еңбек демалысын алдым. Жас маман емеспін. Осы заңды ма? Заңсыз болса, қайта өндіре аламын ба?

  11. Өте пайдалы дерек үшін көп рақмет. Алайда, менің бір сұрағым бар. Жас маман емеспін. Еңбек өтілім үзіліссіз. Басқа қалаға қоныс аударуыма байланысты жұмыс орнымды ауыстырдым. Қыркүйектен бастап жұмыс істедім. 44 күнге ғана еңбек демалысына ғана шықтым. Осы заңды ма? Заңсыз болса, қайта өндіре аламын ба?

  12. Саламатсыз ба! Тариф бойынша лауазымдық жалақыға ғана сауықтыру жардемақысы қарастырылған. Қосымша сағаттарына жардемақы төленеді ме? Егер болса, оны қандай қаулыға сүйеніп қайта есептеуіме болады?

  13. Сәлеметсізбе Менің бір сұрағым бар еді. Зейнеткерлікке шыққан адам уақытша декреттік демалыстағы мұғалімнің орнына бір жыл жұмыс жасады ,енді декреттегі адам жұмысқа шығып жатыр. Жыл сайынғы еңбек деалысын және сауықтыру жәрдемақысы кімге төленуі тиіс.Рахмет.

  14. Сәлеметсіздер ме? Мен декреттік демалыстан 20 желтоқсанда жұмысқа шықтым 2016 жылдың. Декретке 2015 жылдың қараша айында шыққанмын. Енді менің отпуск уақытым және ақшам қалай болады? 3 деңгей оқығанмын, санатым-2.

  15. Сəлематсыз ба? Менің стажым 36 жыл.Қыркүйектен қаңтарға дейін 117мың айлық алдым қаңтардан мамыр арасында 130мың айлық алдым. Отпускной 227мың алдым.Осы дұрыс па?

    • 36жылдан асқан стаж бар жоғары санат бастауыштың мұғалімі болып жасаймын.Қыркүйектен қаңтарға дейін 117мың айлық.алдым Қаңтардан бастап 130мың айлық жыл соңына дейін .Сонда отпуска 227мың теңге шықты дұрыс.па?

  16. Саламатсыздар ма?Мен тарбиешимин,мамыр айынын 2де декреттен косылдым,содан 4айдан кейин отпускага шыгарды,енди осыдан толык отпускной ала алмайсын жане экологически 9куниндиде алып тастаймыз деп тур,сонда мен бас аягы канша отпускной аламын айлыгым 78мын,жауап жазыныздаршы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *