Мүгедектігіне байланысты берілетін жәрдемақы

Жалпы ауру, еңбекте мертігуден,кәсиби ауру салдарынан мүгедек болғандар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың жәрдемақы мөлшері:

*1 топ мүгедектеріне – 43538 теңге (1,78*КД);
*2 топ мүгедектеріне – 33999 теңге (1,39*КД);
*3 топ мүгедектеріне – 23970 теңге (0,98*КД);

*16 жасқа дейінгі бала мүгедектерге – 32042 теңге (1,31*КД);
*1 топ бала кезінен мүгедектерге – 43538 теңге (1,78*КД);
*2 топ бала кезінен мүгедектерге – 35466 теңге (1,45*КД);
*3 топ бала кезінен мүгедектерге – 27884 теңге (1,14*КД).

Мүгедектiкке әскери қызметтен өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болғандар:

*1 топ мүгедектеріне – 51609 теңге (2,11*КД);
*2 топ мүгедектеріне – 41581 теңге (1,7*КД);
*3 топ мүгедектеріне – 32042 теңге (1,31*КД).

Әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан мүгедектер:

*1 топ мүгедектеріне – 67018 теңге (2,74*КД);
*2 топ мүгедектеріне – 47696 теңге (1,95*КД);
*3 топ мүгедектеріне – 32042 теңге (1,31*КД).

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *