КЕРІКТІ ШОМЫЛДЫРДЫ

16-1Ауа температурасының күрт көтерілуі зообақтағы жануарларға да оңай тимеді. Осыған байланысты, Шымкент зообағының қызметкерлері Астана атты керікті сергіту үшін шомылдырды. Алты жыл жуындырылмаған керік бұған оңайлықпен көндіге қоймады. Қызметкерлерден сытылып шыққысы келіп, салқын суға бойын үйрете алмады. Сондықтан еш сусабынсыз, тек сумен ғана жуындыруға тура келді. Керіктің мекені — Африка құрлығы. Онда жаңбыр жылына бір рет жауатыны себепті оның шомылуға тосырқай қарауын түсінуге де болады.

Дайындаған — Айя МҮТӘЛІ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *