Кереғар ағымдар жақтастарының психологиялық іс-әрекеттері

Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы сөзінде: «Біздің тарихи таңдауымыз – зайырлы мемлекет пен қоғам. Бірақ, зайырлы деген атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз – ілгерішіл, бейбіт сүйгіш, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерді қолдаймыз, бірақ кез келген экстремизмді үзілді-кесілді теріске шығарамыз» – деп атап көрсетті.

007

Кереғар ағымдарға кіріп, адасуға  бейім адамдардың психологиялық ерекшеліктері әртүрлі және түрлі деңгейлік категорияларға жатады: бірінші топқа, психикалық даму қалыбы тұрақсыз және өзіне ғана тән  ерекшеліктері бар клиенттер жатқызылады, шындығында көпшіліктің ойынша кереғар ағымдарға кіруге бейім адамдарда қалыпты психикалық жетіспеушілік байқалып тұрады. Әдетте мұндай кейіптегі клиенттерге жүйке жүйесі шаршаған, апатиядағы адамдар  бейім болады. Байқап, байыппен қарап, азаматтың түр-тұлғасын, қоғам өміріне қатынасын, өзін қоршаған ортаға  көзқарасын, өзін-өзі ұстануы мәнерін сараптай алар маман болса, оның бойынан, негіздерден бастау алған  метологиялық ауытқуды көрер еді. Екінші топ адамдары психикалық түрде сау, бірақ, әлсіз мінезділер. Бір ағыммен жүре беруге разы болатын адамдар және мұндай азаматтар өздерінен жауапкершілікті алып тастаған конформды типті индивидттер. Үшінші топ, сәтсіз тұлғалар, өздерін отбасында да, карьерада да тұрақты бір байыз тауып, тұшылады тірлік кешіп жүргенін дәлелдей алмаған тұлғалар. Мұндай адамдар әрдайым ортадан қолдау күтеді. Олар үшін Отан ұғымы, ел тағлымы, дәстүрлі рухани өзек болған діни ұстаным маңызды емес.  Мұндайлар өздерінің жалған пайымына еліткен өзге елдің адасушы қауымының әулікпе әуре-сарсаңына еріп, мыңжылдықтар тезінен өткен ұлттың, рухани құндылықтарының қадіріне жете алмайды. Себебі оның мәнін, ел түзілу, ұлт құрылу, мемлекетің қалыптасуы үшін аса маңызды элементтер екенін қасиетті киелі ұғымдар екенін ұға алмайды.

ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдың аяғы – бұл кезең қоғамдағы демократия мен ой еркіндігінің кең тараған уақыты. Қоғамда осындай жағдайды теріс мақсатта пайдалану өте ұтымды әрекетке алып барды. Осының салдарынан шынайы ақиқат деректер бұрмаланып, оның орнына құдайсыз қоғам «құруға бағытталған, маркстік-лениндік идеялар және оған негіз болған Дарвиннің эволюциялық даму пікірлері әлемнің ой-санасына ықпал етті. Олар үшін Құдай, Алла, Тәңір және Пайғамбарлар дәуірлері мен адамзаттың Адам Ата-Хауа Анадан тарайтын ортақ тарихы да ондағы жаратушы күштің құдіреті де мансұқталған.

Әртүрлі кереғар ағымдарда адам санасын басқаратын әдіс-тәсілдер, дәлірек айтқанда психологиялық техникалар қолданылады. Мұндай кезде адам санасы өзгеріп өзімен емес, өзгемен де басқарыла беретіндей дәрежеге түседі. Сана шаршап, өзгергенде адамның еріктік, эмоционалды, бағдарлық және бағалаушы функциялары да өзгереді. Ұжымдық салттары: уағыздау, ән айту, билеу т.б. орындауда адам санасын басқаруға қабілетті ететін техникалар қолданылады. Медитация, транстық шалық күйіне түсіру, эмоционалды жұқтыру, иландыру және т.б.
Кереғар ағымдардың адамға әсер етуі бірнеше фазалардан тұрады.

«Кереғар ағымдар адам санасын қалай басқарады?» деген сұрақ туындайды. Бірінші адам санасын негіздеп талдаса оның илағи аманат кісі рухына телулі  дамып, жетіліп, тәрбие-тәжірибе көретіні ұғынылады. Осы орайда бұл құбылыс жалпы адамзатқа ортақ екенін ислам ілімі – Құран Кәрім көптеген аяттарында мәлімдейді. Осы рухтың әлеуметтік-тарихи, саяси-экономикалық, мәдени-ғұрыпты, діни-рухани белгіленген үлгі-пішін мен мән-мақсатқа лайық даму қалыптасу үрдісі арқылы ғана ел, ұлыс жайлы ұлт, мемлекет түзу мүмкіндігінен тұратыны шындық.

Мұның алғашқы элементтерінің жеке адам бойында қалыптасып, жетіліп барып қана қоғамға ықпалы болатыны түсінікті жайт. Сондықтан өзге бір елді басып алу үшін жаулаушылар осы құбылысты терең зерттеп, әр ұлттың қалыптасу үрдісін, оның өзіне тән ерекшеліктерінің барлық қыры мен сырына үңіледі. Мұнда мемлекет, ұлт халық категорияларының қалыптасу жолдары мен заңдылықтарын қоса оған жеке адамның үлесі, орны, мүмкіндігі талданады. Осыдан соң тыңғылықты дайындықтан өткен кейбір дін таратушылар жұмысының жемісті болмауы мүмкін емес. Себебі мұндай мәдени-діни, саяси-экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық экспансияға біздің ұрпақ дайын болмай шықты.

«Мен» – психо-оризиологиялық құбылыс кісілік физио-биологиялық ортада жетіледі әрі рух көрінісі ретінде жоғары күш құдыретінен» нәр алу мүмкіндігі мол құбылыс. «Мен» мен менікінің айырылғанын өлді деп ат қойыпты өңшең білмес, – деп Абай бекер айтпаған. Бұл – адам жаратылысынан Алланың туындысы, оның ішінде рух оның илағи таза әрі жоғарғы мәртебелі аманаты дегенді білдіреді.

Міне, барлық дерлік кереғар ағымдар жүргізетін уағыздар мен психологиялық іс-әрекет түрлерін талдай келе, культ қызметкерлері қазақстандықтардың өмірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне, ондағы кездесетін қиыншылықтарға дәйекті және табанды бағытталған жұмыс жүргізетінін көруге болады. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерді жаман жағынан бағалауға машықтандырады, шындықтың себеп-салдарлық байланысын әдептердің ой-пікірлерін, санасын өмірден алшақтату мақсатында ойдан шығарылған мифологияға ауыстырады. Олар сонымен қатар азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін жасалатын шаралар бойынша діни топтардың әрекетін басқаларға қарама-қарсы қояды, өздерінің сенімдерін таңдайды және адамдардың дүниетанымы мен көзқарасын өзгертуге мәжбүрлейді, үрей мен қорқыныш әдісін моральды әсер етуден бастап физика троптық та әдістерді де қолданады. Осының бәрі бітпейтін уағыздарда, тренингтерде, кездесу мен әңгімелерде жүргізіледі, олардың басты мақсаты – азаматтарды үйреншікті қатысу тобынан (отбасылық, достық, кәсіби) шығарып, жаңа тілектестер қауымдастығына енгізу, адамның жеке өз еркін қауымдық лидерге бағындыру және осындай қажеттіліктерін пайдаланып, иландыру процесінің ұзақ санар және адамға, қоғамға қауіпті әрекеттер жасайды. Мұндай ахуалға түскен ұрпақ ұлттың, мемлекеттің, отанның,  тіпті тұтас адамзаттық құндылықтарын ұға алмай, оны керек етпей белгілі бір топтың құлына айналып, рухы өлген, ұлттық санасы, отаншылдық сезімі, адамгершілік бастаулары бұрмаланған ұрпаққа, мәңгүртке айналады. Жоғарыда атап өтіп кеткенімдей экстремизм мен терроризмнің отын көсейтін кереғар ағымдарға немесе саяси секталарға құл болудан басқаға жарамайтын жарымжан, мүгедекке айналады.

Сөз соңында егер қазірден бастап бұл жағдайды жөндемесек, онда Кенияның жағдайына оп-оңай түсіп қалуымыз мүмкін.Себебі, Кенияның тұңғыш президенті Джумо Кеньятаның айтуы бойынша: «Миссионерлер Африкаға келгенде біздің жеріміз бар еді, ал олардың «Інжілі» бар еді. Олар бізді көзімізді жұмып қойып табынуға көндірді. Ақырында көзімізді ашқан кезде біздің жеріміз олардың иелігінде, ал «Інжіл» бізде қалды. Біз де кениялықтардың кебін киіп, жер соғып қалмайық десек ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларымызды сақтап, болашақ ұрпағымыздың баянды ғұмыры үшін күресуді бүгіннен бастап ойлайық!

Малика Сағынтаева,
ОҚО Ішкі саясат және дін істері
басқармасының «Әлеуметттік бастамалар орталығы» МКМ-нің бөлімінің маманы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *